Жобаның өзектілігі: қазақ тіліндегі тұрақты тіркес, мақал-мәтел, қос сөздер құрамында және диалектілер, ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем әдеби шығармаларда, сонымен бірге ақын-жазушылар тілінде сақталып, қазақ әдеби тілінде жеке-дара қолданылмайтын мағынасы түсініксіз сөздер баршылық. Қазақтың ұлы ақындары Абай және Шәкәрім шығармаларында да ескіліктер, мағынасы түсініксіз немесе қазіргі күні белсенді жұмсалмайтын сөздер көптеп кездеседі. Жобада Абай өлеңдері мен қара сөздерінде және Шәкәрім шығармаларында кездесетін көмескі сөздер мен көнеліктерге талдаулар жасалып, мағынасына нақты түсініктемелер беріледі. Көнерген сөздер кірме элементтер және төл сөздер деп ажыратылып талданатын болады.
Жұмысымыздың мақсаты: Абай, Шәкәрім өлеңдерінде сақталған көнерген немесе мағынасы ұмыт болған сөздердің, пассив лексиканың, қазірде қолданылмайтын кірме элементтердің мәнін түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдері материалдары және араб-парсы, моңғол тілдері түсіндірме сөздіктері деректері негізінде ашу. Абай және Шәкәрім қолданған көнеліктердің тұңғыш салыстырмалы-тарихи сөздігін құрастыру.
Зерттеу тобының құрамы:
- Адилов Марлен Ерланович, PhD доктор, жоба жетекшісі, постдокторант
- Шерубай Құрманбайұлы, филология ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі постдокторанттың ғылыми кеңесшісі.
2022 жылдың жарияланымдар тізімі:
- Құрманбайұлы, Ш., & Адилов, М. «Тәте» жəне өзге де туыстық атаулардың семантикасы. Turkic Studies Journal, 2022, 4 (3). 85-102 б. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-3-85-102
- Әділов М., Құрманбайұлы Ш. Абай шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздердің жазылу мәселесі. TILTANYM, 2023 (2): 62-73 б. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-2-62-73
- Ш. Құрманбайұлы, М.Е. Әділов. Абай шығармаларындағы қос сөздердің семантикалық ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев ЕҰУ Хабаршысы: Саяси ғылымдар, Шығыстану, Түркітану сериясы, 3(144)/2023. 242-256 б. DOI: https://doi.org/10.32523/2616-6887/2023-144-3-242-256
- Sherubay Kurmanbaiuly, Marlen Adilov. Linguistic Features Between Turkic Languages іn the Works of Abay, Yūnus Emre and Aḥmad Al-Yasawī. Türk Kültürü ve Hacı Bektaş Velî Araştırma Dergisi, Sayı 105 / Bahar – Mart 2023, 313-333 s. https://doi.org/10.34189/hbv.105.015