Жоба орындалу мерзімі: 2022-2024 жж.
Жоба өзектілігі: Қазақстанда педагогикалық жоғары оқу орындарында жаңартылған білім беру мазмұны негізінде тұлғаның географиялық мәдениетін қалыптастыру, болашақ география пәні мұғалімдерінің картографиялық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемелік негіздерін жасаумен байланысты мәселелерді шешуде отандық және шетелдік озық педагогика теориясы мен әдістемесіне сүйену қажеттілігінен туындайды. Педагогикалық бағыт бойынша география пәні мұғалімдерін даярлаудың тиімді жолдарын анықтап, білім беру бағдарламаларындағы бітіруші түлек моделі мен күтілетін нәтижелердің өзара байланыстылығын, бәсекеге қабілетті маман болуын педагогика және география ғылымдары тұрғысында негіздеу қажеттілігі, әдістемелік жолдарын ұсыну осы зерттеудің өзектілігін анықтайды.
Жобаның мақсаты: педагогикалық жоғары оқу орындарында географиялық және ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы болашақ география пәні мұғалімдерінің картографиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық алғышарттарын зерделеу, құрылымдық-мазмұндық моделін жасау және эксперименттік тексеру арқылы зерттеу қорытындысын педагогикалық жоғары білім беру жүйесінде пайдаланудың әдістемелік негіздерін жасау.
Жобаның міндеттері:
Жобаның алдына қойған мақсатын орындау үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
— Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде болашақ географ мұғалімдердің картографиялық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық және педагогикалық-психологиялық негіздерін анықтау;
— ЖОО географияны оқыту үрдісінде болашақ географ мұғалімдердің картографиялық құзыреттілігін қалыптастырудың мүмкіндіктерін зерделеу және болашақ географ мұғалімдердің картографиялық құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
— Физикалық-географиялық және әлеуметтік-экономикалық білім беру мазмұнында картографиялық құзыреттілікті қалыптастырудың жолдарына талдау жүргізу;
— Болашақ географ мұғалімдердің картографиялық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді тәсілдерін таңдау және тапсырмалар жүйесін құрастыру, болашақ географ мұғалімдердің картографиялық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесін жасау;
— Географиялық білім беру жүйесінде болашақ география пәні мұғалімдерін картографиялық даярлаудың мазмұнын жобалау, педагогикалық экспериментті жүргізу және оның нәтижелерін өңдеу мен жариялау.
Зерттеу тобының құрамы:
1) Бейкитова Альбина Нурахмятовна — аға оқытушы, география магистрі, жоба жетекшісі, https://orcid.org/0000-0003-1757-2198 Scopus ID 59144032200
2) Каймулдинова Куляш Дуйсенбаевна – география ғылымдарының докторы, профессор, ғылыми кеңесші, https://orcid.org/0000-0001-7352-5586 Scopus ID 55976304200
Күтілетін нәтижелер:
2022 жылға: Зерттеу тақырыбына сәйкес отандық, ресейлік және шетелдік ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы деректер жинақталады.
2023 жылға:
— ЖОО географияны оқыту үрдісінде болашақ географ мұғалімдердің картографиялық құзыреттілігін қалыптастырудың мүмкіндіктерін зерделенеді.
— ғылыми-педагогикалық тәсілдер негізінде педагогикалық ЖОО-да болашақ географ мұғалімдердің картографиялық құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі сызба түрінде құрылымдалады.
2024 жылға:
— ЖОО география білім беру бағдарламасында білім алатын студенттермен педагогикалық эксперимент жүргізіліп, қорытындысы Scopus деректер базасында CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар ғылыми басылымдарда 2 мақала түрінде жарияланады. Монография және оқу құралы жарық көреді. PhD докторлық диссертация қорғалады.