Жоба орындалу мерзімі: 2024 – 2026 жылдар
Жоба өзектілігі: Ресми және бейресми білімдер арқылы магистранттардың дәрежелерін өсіру (Stackable degree) бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесінде шығармашыл, бастамашыл магистранттардың өзінің жеке тұлғалық және кәсіби әлеуеттерін дамыту.
Жоба мақсаты: Магистратура жағдайында «Stackable degree» моделін әзірлеу, теориялық негіздеу және эксперименттік тексеру.
Жоба міндеттері: Жоба алдына қойып отырған мақсатына өзара байланысқан төмендегі міндеттер арқылы қол жеткізіледі.
- Магистранттардың дәрежелерін (Stackable degree) өсірудің әлемдік тәжірибесін зерделеп, соның нәтижесінде жоғары педагогикалық оқу орындарында ресми және бейресми білім алу барысында қосымша мамандықтарды игеруіне мүмкіндік жасау үшін нақты әдістемелік жағдайға талдау жасау.
- Қазақстан Республикасында тұңғыш рет жоғары педагогикалық оқу орындары магистранттарының микромамандықтарды игеру моделі және Stackable degree кешенді модульдік бағдарламасын әзірлеу.
- Алғаш рет Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ресми білім мен бейресми білімді кіріктіру арқылы магистранттардың микромамандықтар алудың Stackable degree бағдарламасы бойынша: «ойын педагогы», «педагог — медиатор», «андрагог — педагог» т.б. элективті авторлық курстарын дайындап, тәжірибеге енгізу.
- Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ресми және бейресми бірлескен оқу орталары (collaborative learning environments) құру.
- Зерттеу мәселесі бойынша монография әзірлеп шығару.
- «Ресми және бейресми оқыту құндылықтары: мәселелер мен даму болашағы»тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырып өткізу.
- Элективті курстар мен монографияға авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу туралы куәліктер алынатын болады.
Зерттеу тобының құрамы:
1) Советканова Дамира Маратовна – Phd, ғылыми жетекші, Scopus Author ID 57205149114 ORCID: 0000-0003-2737-4021
2) Тургунбаева Ботагуль Алтаевна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ғылыми кеңесші Scopus Author ID: 57189846350; ORCID: 0000-0001-5168-0083, Web of Science ResearcherID: AAR-1901-2020
Нәтижелер // Күтілетін нәтижелер (жобаны іске асыру кезеңіне байланысты)
Жоба міндеттерін шешуде төмендегідей нәтижелер алынады:
Зерттеу барысында:
- Магистранттардың дәрежелерін (Stackable degree) өсірудің әлемдік тәжірибесі зерделенеді, жоғары педагогикалық оқу орындарында ресми және бейресми білім алудың интеграциясының нақты жағдайына талдау жасалады, соның негізінде зерттеу нәтижелері ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарында мақалалар жарияланады.
- Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ресми білім мен бейресми білімді кіріктіру арқылы микромамандықтар алудың Stackable degree бағдарламасы бойынша элективті авторлық курстар әзірленіп енгізіледі, Scopus немесе Web of Science базаларындағы CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар ғылыми басылымдарда мақалалар жарияланады.
- Абай атындағы ҚазҰПУ — де ресми білім мен бейресми білімді кіріктіру арқылы магистранттардың микромамандықтар алудың Stackable degree бағдарламасы бойынша: «ойын педагогы», «педагог — медиатор», «андрагог — педагог» т.б. элективті авторлық курстары дайындалады, оларды тәжірибеде қолданудың ғылыми — әдістемелік құралы дайындалып, баспадан шығады.
- Зерттеу мәселесі бойынша 6 б.п. кем емес 1 (бір) монография дайындалып, баспадан шығады.
- Элективті курстар, монографияға авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу туралы куәліктер алынады.
- «Ресми және бейресми оқыту құндылықтары: мәселелер мен даму болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, материалдары жинақ болып шығарылады.
Жобамен жұмыс барысында шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда Web of Science деректер базасында Arts and Humanities Citation Index немесе Social Science Citation Index-те индекстелетін немесе Scopus деректер базасында CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала, Зерттеу нәтижелері ҚР ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарында 5 мақала жарияланады.