Жоба орындалу мерзімі: 2022-2024 ж.ж.
Жоба өзектілігі: «Физикалық есептерді шығару практикумы» курсы «6B01505-Физика» мамандығында оқитын студенттерді – болашақ физика мұғалімдерін даярлауда жетекші орындардың бірін алады және онсыз мамандарды даярлау мүмкін болмайтын іргелі міндеттерді анықтайды. Педагогикалық жоғары оқу орындарында физикалық есептерді шығару практикумы курсын орта мектепте оқытуға мұғалімдерді даярлаудың маңызы зор болып тұрған қазіргі шақта, оқыту үдерісін тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктерін анықтау маңызды қажеттіліктердің бірі болып табылады.
Жоба мақсаты: орта білімнің күтілетін нәтижесіне және педагогтардың кәсіби-пәндік құзыреттіліктерінің талаптарына сәйкес «Физикалық есептерді шығару практикумы» курсының мазмұнын қалыптастыру арқылы болашақ физика мұғалімдерінің арнайы дайындығын жетілдіру болып табылады.
Жоба міндеттері:
- Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы педагогтердің ұлттық біліктілік тестілеуі бойынша педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімдерін даярлаудың оқу жетістіктеріне теориялық талдаулар жүргізу.
- Орта білімнің күтілетін нәтижесін анықтай отырып, «Физикалық есептерді шығару практикумы» курсының құрылымы мен мазмұндық ерекшеліктерін айқындау.
- Болашақ мұғалімдерге арналған орта білімнің күтілетін нәтижесіне сәйкес «Физикалық есептерді шығару практикумын» оқытуға даярлау әдістемесін жасау.
Зерттеу тобының құрамы:
1) Оспанбеков Ербол Анарбекович – жоғары, PhD, жоба жетекшісі, https://orcid.org/0000-0001-6143-7589, Scopus ID 56541751500
2) Әлімбекова Гүлшахан Бершінбекқызы – профессор, педагогика ғылымдарының докторы, ғылыми кеңесші, ORCID 0000-0002-0056-9251, Scopus ID 57189067641
Нәтижелер // Күтілетін нәтижелер (жобаны іске асыру кезеңіне байланысты)
- Физикалық есептер шығару практикумының мазмұндық ерекшеліктері / «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы баяндамалары». — № 4(348). – Алматы, 2023. – Б.80-92. https://doi.org/10.32014/2023.2518-1483.244
- Peer Instruction’s Achilles’ Heel: An Analysis of Its Ineffectiveness in Confronting Counterintuitive Physics Questions/ EURASIA Journal of Mathematics, Science and Technology Education, 2024. – Р. 1-13. https://doi.org/10.29333/ejmste/14778