Жоба орындалу мерзімі: 2024-2026
Жоба өзектілігі: Зерттеу аксиалды-симметриялы гравитациялық өрістерде спутниктердің (сынақ денелерінің) жақын геодезиялық траекторияларының ауытқу мәселесін шешуге бағытталған. Бұл зерттеуде басты назар гравитациялық объектінің айналуы мен квадрупольді моменттерін ескеретін шынайы модельдерге аударылады. Қарастырылып отырған есеп жалпы релятивистік эффектілер байқалатын жағдайларда спутниктердің (сынақ денелерінің) қозғалысың терең түрде түсіну қажеттілігіне байланысты өзекті болып отыр.
Жоба мақсаты: Жобаның мақсаты аксиалды-симметриялы гравитациялық өрістердегі спутниктердің (сынақ денелерінің) қозғалысы кезіндегі жалпы релятивистік бақыланатын эффекттерді q-метрикасы мен Хартл-Торн метрикасының шеңберінде геодезиялық ауытқу теңдеуін шешу арқылы аналитикалық және сандық түрде зерттеу болып табылады.
Жоба міндеттері:
Есеп 1. q-метрика мен Хартл-Торн метрикасы шеңберінде Геодезиялық Ауытқу Теңдеулерін қорытып шығару және оларды сандық түрде шешудің сұлбаларын құру.
Есеп 2. Сынақ денелерінің (жер серіктерінің) әртүрлі бастапқы координаталары мен бастапқы жылдамдықтары үшін q — метрика шеңберінде геодезиялық ауытқу теңдеуінің аналитикалық және сандық түрде шешімін алу.
Есеп 3. q — метрикасы және Хартл-Торн метрикасы шеңберінде геодезиялық ауытқу теңдеуінің аналитикалық және сандық шешімдерінде байқалатын жалпы релятивистік эффекттерді талдау, сонымен қатар GRACE-Follow-On миссиясына ұқсас спутниктік конфигурацияларды модельдеу.
Зерттеу тобының құрамы:
1) Утепова Дания Сабырбековна – PhD, Жоба жетекшісі, ORCID 0000-0002-9871-1884, Scopus ID 57559961600
2) Бошкаев Куантай Авгазыевич – PhD, профессор, ғылыми консультант, ORCID 0000-0002-1385-270X, Scopus ID 54883880400
Нәтижелер // Күтілетін нәтижелер (жобаны іске асыру кезеңіне байланысты)
Жобаның идеясы мен жоспарларын іске асыру барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі деп күтілуде:
- q — метрика және Хартл-Торн метрикасы шеңберінде аналитикалық түрде геодезиялық ауытқу теңдеулері алынады.
- q — метрика және Хартл-Торн метрикасы шеңберіндегі геодезиялық ауытқу теңдеуінің аналитикалық және сандық шешімдері алынады.
- q — метрика және Хартл-Торн метрикасы шеңберіндегі геодезиялық ауытқу теңдеуінің аналитикалық және сандық шешімдерінен туындайтын жалпы релятивистік эффектілерге талдау жасалынады.
Жобаны іске асыру нәтижесінде grace-Follow-On миссиясына ұқсас спутниктік конфигурациялар модельденеді, алынған нәтижелер ЖСТ-ның спутниктік қозғалысқа әсері туралы заманауи идеяға айтарлықтай үлес қосады, сондай-ақ теориялық физиканың, релятивистік астрофизиканың дамуы үшін үлкен үлес болып табылады және бұл нәтижелерді жоғары оқу орындарында «Физика және астрономия», «Физика», «Гравитация және космология» және т. б. мамандықтар үшін оқытуда қолдануға болады.
Жобаны орындау барасында шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалар жариялау: Web of Science дерекқорындағы импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартильдегі немесе Scopus дерекқорында CiteScore бойынша кемінде 50 процентилі бар журналдарда кемінде 2 (екі) мақала;