AP22685979 «Білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация жағдайында болашақ педагогтердің инновациялық әрекетін дамыту»

Жоба орындалу мерзімі: 2024-2026 жыл

Жоба өзектілігі: ХХІ ғасырда білімнің, жалпы қоғамның дамуын қамтамасыз ететін басымдықтағы құндылықтардың жеделдете ауысып жатқаны айқын байқалуда. Бұл ретте цифрлық технологиялар әр сәт сайын жаңаруды, дамуды және цифрлануды қажет етуде. Сондықтан, ғаламдық өзгерістен қалыс қалмай, еліміздің білім саласын цифрлық трансформация жағдайында барынша өз білімізді жетілдіріп, болашақ мамандарды даярлауды кеңінен қолданғанымыз жөн. Бұл өз кезегінде қоғам сұранысына сай болашақ педагогтарды даярлауда олардың бойында жаңашылдыққа деген құшытарлықтарын арттырып, цифрлық дағдыларын қалыптастыруда олардың кәсіби дамуын нәтижелі етіп, инновациялық әрекеттің биігіне жетуінің қажетті шарты ретінде қарастырылып, ғылым мен технологияның жетістіктерін жете меңгеріп, шеберліктің шыңына жетуге бағдарлануға, инновациялық әрекетінің дамуына мүмкіндік береді.

Жоба мақсаты: Білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетін дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындап, әдістемесін жасау, тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар арқылы айқындау, сондай-ақ болашақ бастауыш оқыту педагогтерін онлайн оқытуды жүзеге асыратын платформаның жобасын әзірлеу және сынақтан өткізу.

Жоба міндеттері:

  • Білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация жағдайында болашақ педагогтердің инновациялық әрекетін дамытудың әдістемелері мен ерекшеліктерін анықтау үшін отандық, шетелдік ғылым мен тәжірибе және әдістемелік жұмыстың қазіргі жағдайына талдау жасау;
  • Білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация жағдайында болашақ педагогтердің инновациялық әрекетін дамытудың моделін дайындау;
  • Білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация жағдайында болашақ педагогтердің инновациялық әрекетін дамытуға арналған онлайн оқуды жүзеге асыратын платформа жобасын ұсыну және арнайы курс бағдарламасы мен оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқаулық дайындап, әдістемесін жүзеге асыру және оқу-әдістемелік құрал дайындап, баспадан шығару;

Білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация жағдайында болашақ педагогтердің инновациялық әрекетін дамытудың әдістемелері мен ерекшеліктерін анықтау үшін отандық, шетелдік ғылым мен тәжірибе және әдістемелік жұмыстың қазіргі жағдайын талдап, соның негізінде Scopus немесе Web of Science базаларындағы CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала немесе «Болашақ педагогтердің инновациялық әрекетінің негіздері» атты 6 б.т. кем емес 1 (бір) кем емес монография және ҒЖБССҚК ұсынған отандық басылымдарда 5 (бес) мақала жариялау.

Зерттеу тобының құрамы:

1) Стамбекова Жазира Курмангалиевнафилософия PhD докторы, Жоба жетекшісі, жүргізуші, Scopus ID 57331588800 https://orcid.org/0000-0003-0217-4744

2) Жумабаева Азия Елупановна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Scopus ID 58306338800  https://orcid.org/0000-0002-3406-7145

Күтілетін нәтижелер

  1. Білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация жағдайында болашақ педагогтердің инновациялық әрекетін дамытудың әдістемелері мен ерекшеліктерін анықтау үшін отандық, шетелдік ғылым мен тәжірибе және әдістемелік жұмыстың қазіргі жағдайы талдау жасалады.
  2. Білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация жағдайында болашақ педагогтердің инновациялық әрекетін дамытудың моделі дайындалады.
  3. Білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация жағдайында болашақ педагогтердің инновациялық әрекетін дамытуға арналған онлайн оқуды жүзеге асыратын платформа жобасы ұсынылады және арнайы курс бағдарламасы мен оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқаулық дайындалып, әдістемесі жүзеге асырылады.
  4. Білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация жағдайында болашақ педагогтердің инновациялық әрекетін дамытудың әдістемелері мен ерекшеліктерін анықтау үшін отандық, шетелдік ғылым мен тәжірибе және әдістемелік жұмыстың қазіргі жағдайы талданып, соның негізінде Scopus немесе Web of Science базаларындағы CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала немесе «Болашақ педагогтердің инновациялық әрекетінің негіздері» атты 6 б.т. кем емес 1 (бір) кем емес монография және ҒЖБССҚК ұсынған отандық басылымдарда 5 (бес) мақала жарияланады.

You may also like...