AP19576707 «Оқытудың әмбебап дизайны технологиясы (UDL) арқылы болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыру»

Жоба орындалу мерзімі: 2023-2025

Жоба өзектілігі: Қазақ қоғамының әлем кеңістігіне кірігуінің дербес деңгейіне бағдарланған тетіктердің жағдайына сәйкес педагогикалық білім беруді модернизациялау, педагог мәртебесін қамтамасыз етуде, жағымды және қауіпсіз білім беру ортасын құру, қазіргі заманғы білім беруді, белгілі бір әлемдік брендті дамытудың парадигмасы ретінде ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерінің әртүрлілігін ескере отырып, баршаға сапалы білімді қолжетімді болуын қамтамасыз ететін инклюзивті білім беруді қарастыруға болады.

Барлық балалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне, денсаулығының шектеулеріне қарамастан сапалы білім алу мүмкіндігі ҚР «Білім туралы Заңының» 3-бап 1-тармағында бекітілген. Осы заңның 1- бабының 21-7 тармақшасында білім беруді ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс ретінде көрсеткен. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың ерекшеліктерін ескере отырып сапалы білім беруді жүзеге асыратын педагогтерді дайындауға ерекше назар аудару керек. Педагогикалық теория мен практиканы дамытудың қазіргі кезеңінде білім алушылардың әртүрлілігін, ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, қоғамға кеңінен әлеуметтендіру үшін болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі өзекті болып табылады.

Ұсынылған жоба әлеуметтік – педагогикалық міндеттің бірі болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыруда оқытудың әмбебап дизайн технологиясын (UDL) қолдану, болашақ педагог даярлығына қойылған талаптарды қанағаттандыруға бағытталған. UDL технологиясын игерген педагог жалпы білім беру мекемесінің басты міндеті әрбаланың ерекшеліктерін ескеретін қолайлы, жағымды білім беру ортасын құруда шешуші фактор бола алады. UDL инновациялық әдістеме ретінде болашақ педагог инклюзивті құзыреттілігін қамтамасыз етеді, ол өз кезегінде жоғары білім беру жүйесінің сапалы маман даярлығының тиімділігін арттыруға әсер етеді.

Жоба мақсаты: Болашақ педагогтердің білім алушылардың әртүрлігін ескере отырып сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ететін инклюзивті құзыреттіліктерін оқытудың әмбебап дизайны технологиясы (UDL) арқылы қалыптастырудың ғылыми және әдістемелік негіздерін әзірлеу және оның тиімділігін зерттеу.

Жоба міндеттері:

  1. Оқытудың әмбебап дизайны технологиясы (UDL) арқылы болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздеу;
  2. Зерттеудің теориялық негіздерін анықтау, «инклюзивті құзыреттілік», «оқытудың әмбебап дизайны технологиясы (UDL)», «болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыру» ұғымдарын анықтау.
  3. Болашақ педагогтерді даярлауда оқытудың әмбебап дизайны технологиясын (UDL) тиімді пайдаланудың әлемдік үздік тәжиребелерін зерттеу.
  4. Оқытудың әмбебап дизайны технологиясын (UDL) қолдану арқылы болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін әзірлеу.
  5. Оқытудың әмбебап дизайны технологиясы (UDL) элективті курсын әзірлеу, апробациялау және тиімділігін тексеру.
  6. Болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілік деңгейін диагностикалау (анықтаушы эксперимент).
  7. Болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыру және сапалық өзгерістерін бақылау.
  8. Зерттеу нәтижесі бойынша оқытудың әмбебап дизайны технологиясы (UDL) оқу құралын әзірлеу.
  9. Зерттеу нәтижелерін отандық және шетелдік ғылыми ортада талқылау және жариялау.

Зерттеу тобының құрамы:

1) Умирбекова Акерке НурланбековнаPhD, қауымдастырылған профессор м.а., жоба жетекшісі —  ORCID https://orcid.org/0000-0001-7964-7322  Scopus ID 57222128429

2) Бутабаева Лаура Аскаровна — PhD, қауымдастырылған профессор, бас ғылыми қызметкер, ORCID  https://orcid.org/0000-0002-3758-8624  Scopus ID 57935087300

3) Уайдуллақызы Эльмира — PhD, қауымдастырылған профессор, бас ғылыми қызметкер, ORCID  https://orcid.org/0000-0002-5613-4871 Scopus ID 57349535200

4) Шалабаева Лаура Исмаилбековна — PhD, қауымдастырылған профессор, бас ғылыми қызметкер, ORCID  https://orcid.org/0000-0003-2231-7888  Scopus ID 57190161451

Нәтижелер // Күтілетін нәтижелер (жобаны іске асыру кезеңіне байланысты)

  1. Оқытудың әмбебап дизайны технологиясы (UDL) арқылы болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері әзірленеді;
  2. ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда 2 (екі) мақала жарияланады.
  3. Оқытудың әмбебап дизайны технологиясын (UDL) қолдану арқылы болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін әзірленеді;
  4. Оқытудың әмбебап дизайны технологиясы (UDL) элективті курсын әзірленеді;
  5. Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес ғылыми зерттеулердің нәтижелері: Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес)процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 1 (бір) мақала жарияланады;
  6. Инклюзивті білім берудегі оқытудың әмбебап дизайны технологиясы (UDL) оқу құралын әзірленеді.  

2023 жылы алынған нәтижелер:

— Оқытудың әмбебап дизайны технологиясы (UDL) арқылы болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері анықталды. Оның барысында «инклюзивті құзыреттілік», «оқытудың әмбебап дизайны технологиясы (UDL)», «болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыру» ұғымдары анықталып және нақтыланды. Болашақ педагогтерді даярлауда оқытудың әмбебап дизайны технологиясын (UDL) тиімді пайдаланудың әлемдік үздік тәжиребелерін зерттеу жүргізілді. Әлемдік тәжірибені игеру бойынша CAST платформасында онлайн курстан қажетті оқытудың әмбебап дизайны технологиясын (UDL) тиімді пайдаланудың жолдарымен таныстық.

—   БҒССҚК ұсынған отандық журналдарға 1 мақала жарияланды, отандық журналда 1 мақала жарияланды.

 2024 жылы алынған нәтижелер:

—  Оқытудың әмбебап дизайны технологиясын (UDL) қолдану арқылы болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін әзірленді нәтижесі мақала барысында жарық көрді.

—   БҒССҚК ұсынған отандық журналдарға 1 мақала жарияланды, халықаралық ғылыми конференцияларда 3 мақала жарияланды.

You may also like...