Жоба орындалу мерзімі: 2024-2026 жж.
Жоба өзектілігі: Цифрландыру және технологиялық инновациялар дәуірінде біздің қоғамда білім терең және елеулі өзгерістерге ұшырауда. Білім берудегі цифрлық мазмұнды кіріктіре оқыту және оқу тәсілдеріндегі елеулі өзгерістерге ықпал ететін маңызды құралға айналуда. Заманауи технологиялар білімге қол жеткізу, білімді кеңейту және дағдыларды дамытуға бірегей мүмкіндіктер бере отырып, географиялық және мәдени кедергілерді еңсеруге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Қазақстанның интернет кеңістігінде ауқымды әдеби порталдар, веб-сайттардың саны жеткіліксіз. Сонымен қатар, әдебиет мұғалімдері оқу кезінде цифрлық мазмұнды пайдалану үшін платформа құру қажеттілігі бар. Осыған сәйкес, цифрлық контенттің дамуы мен білім беру процестеріне әсері мен оның әдебиет сабақтарында практикалық қолдану мәселелерін қарастыру және талқылау қажеттілігі туындайды.
Жоба мақсаты: жастар арасында қазақ және Қазақстан поэзиясын зерделеу және дәріптеу үшін көпфункционалды портал әзірлеу, сондай-ақ цифрлық поэзия (digital poetry) контентін құрастыру.
Жоба міндеттері: көркем мәтінді цифрландыру бойынша теориялық материалды зерттеу; Қазақстанның қазақ және орыс тілді поэзиясының өкілдері туралы ақпараттық цифрлық контентті қалыптастыру, сондай-ақ поэтикалық мәтіндерді электрондық форматқа көшіру; Поэтикалық мәтінді digital poetry форматында әзірлеу процесін зерттеу, оны дәріптеу; «Поэзия.kz» (жұмыс нұсқасы) атты порталды әзірлеу; негізгі ақпаратты / библиографияны / шығармаларды ағылшын тіліне аудару және жариялау; Қазақстан поэзиясына қызығушылық танытқан оқушылар, студенттер, оқытушылар мен оқырмандар арасында порталды тарату.
Зерттеу тобының құрамы:
1)Молдағали Мадина Бауыржанқызы – постдокторант, жоба жетекшісі, https://orcid.org/0000-0001-8494-1497, Scopus ID 58506745600;
2) Абишева Сауле Джунусовна – ф.ғ.д., профессор, ғылыми кеңесші https://orcid.org/0000-0002-4497-0805, Scopus ID 55801544900
Күтілетін нәтижелер:
- Кірітірілген цифрлық портал құрастыру.
- Web of Science деректер базасында Arts and Humanities Citation Index немесе Social Science Citation Index-те индекстелетін немесе Scopus деректер базасында CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) проценті бар ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала жариялау.
- Базалық білім беру цифрлық порталын құрастыру бойынша электрондық оқу анықтамалық құрастыру.