Жоба орындалу мерзімі: 2024 –2026 жж.
Жоба өзектілігі: Соңғы бірнеше жылда Қазақстанның мектеп жүйесі білім берудің жаңартылған мазмұнына толық көшті, бұл ОЭСР тарапынан білім беру саласын жаңғыртудағы оң қадам ретінде мойындалды. Осы реформаның аясында география курсы да өзгерді, бұл жаһандық өзгерістермен, технологиялық прогресспен және сыни ойлауды, азаматтық сауаттылықты дамыту қажеттілігімен байланысты. Атап айтқанда, Қазақстанда 10-11 сынып оқулықтарында «Геосаясат» бөлімі оқытылады, бұл әлемнің көптеген елдеріндегі мектеп бағдарламалары үшін сирек кездесетін жағдай. Геосаясатты оқу әлемдік оқиғаларды түсінуге, географиялық сананы және азаматтық жауапкершілікті дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ оқушыларды жаһандық қоғамда өмір сүруге дайындайды. Алайда, материалдың күрделілігіне, оқу ресурстарының жетіспеушілігіне және ақпараттың жаңартылуына байланысты қиындықтар туындайды. Осы қиындықтарды жеңу үшін мұғалімдерге білімді құрылымдауға және геосаясатты оқытудың тиімді әдістерін анықтауға көмектесетін әдістемелік құрал жасау қажет. Геосаясатты оқытуға арналған құрылымдық-мазмұндық модельді әзірлеу де маңызды міндет болып табылады, өйткені ол білім сапасын арттырудың және оқушыларды қазіргі әлемдік үдерістерді түсінуге дайындаудың негізі болады.
Жоба мақсаты: 10-11 сыныптардың география пәнінің жаңартылған мазмұны аясында «Геосаясат» бөлімі бойынша әдістемелік құрал әзірлеу арқылы география пәні мұғалімдеріне практикалық көмек көрсету және сол арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.
Жоба міндеттері:
2024 жылға қойылған міндеттер:
— 10-11 сыныптарға арналған «География» пәнінің типтік оқу бағдарламаларында «Геосаясат» бөлімі бойынша оқу мақсаттарын талдау;
— геосаясат бойынша қазіргі ғылыми және педагогикалық дереккөздерге шолу;
— Қазақстандық география оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын шетелдік бағдарламалармен салыстыру.
2025 жылға қойылған міндеттер:
— 10-11 сынып оқушыларына геосаясат бойынша білім жүйесін қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу;
— оқушылардың білімін құрылымдауға, оқу мақсаттарын анықтауға және оларды іске асыру әдістерін анықтауға көмектесетін, геосаясат бойынша білім жүйесін қалыптастыру үдерісінің құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
— негізгі ұғымдарды терең түсінуге және аналитикалық дағдыларды, сыни ойлауды дамытуға ықпал ететін оқушыларға арналған практикалық жаттығулар мен кейстерді әзірлеу.
2026 жылға қойылған міндеттер:
— география білімі аясында геосаясат бойынша білім жүйесін қалыптастыру әдістерін талдау және таңдау;
— мұғалімдерге практикалық көмек көрсету мақсатында «Геосаясат» бөлімі бойынша әдістемелік құралды әзірлеу, бұл оқушылардың зерттелетін бөлім бойынша білімін тереңдетуге ықпал етеді;
— оқушыларға арналған практикалық жаттығулар мен кейстерді, сондай-ақ география пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралды әзірлеу нәтижелерін бағалау бойынша эксперименттік жұмыс жүргізу;
— жобаның нәтижелерін сынақтан өткізу, мақалалар жариялау;
— әдістемелік құралды әзірлеу.
Зерттеу тобының құрамы:
1) Мырзалы Назира Бердіғұлқызы, магистр, аға оқытушы – жоба жетекшісі, ғылыми қызметкер, Scopus ID: 57841623100, ORCID ID: 0000-0001-8646-6255
2) Муздыбаева Карлыгаш Каманаевна, г.ғ.к., аға оқытушы – ғылыми кеңесші, жетекші ғылыми қызметкер, Scopus ID: 57196247133, ORCID ID: 0000-0003-4258-5636.
Нәтижелер // Күтілетін нәтижелер (жобаны іске асыру кезеңіне байланысты)
2024 жылға күтілетін нәтижелер:
— 10-11 сыныптарға арналған «География» пәнінің типтік оқу бағдарламаларында «Геосаясат» бөлімі бойынша оқу мақсаттары талданатын болады;
— геосаясат, географиялық білім беру аясында геосаясат бойынша білім жүйесін қалыптастыруға байланысты қазіргі ғылыми және педагогикалық дереккөздерге шолу жасалатын болады;
— шетелдік елдердің және Қазақстанның мектеп жүйесінде геосаясатты оқытудың салыстырмалы талдауы жүргізіледі. Нәтижесінде Scopus/WoS деректер базасында мақала жазылып, жарияланады.
2025 жылға күтілетін нәтижелер:
— геосаясат бойынша білім жүйесін қалыптастыру мүмкіндіктері зерттелетін болады, оған мектеп оқу бағдарламалары, көмекші құралдар, арнайы курстар мен семинарлар, бейнесабақтар және т.б. кіретін әртүрлі әдістер мен ресурстар қолданылады;
— жоғарғы сынып оқушыларына геосаясат бойынша білім жүйесін қалыптастыру үдерісінің құрылымдық-мазмұндық моделі жасалатын болады, бұл модель білімді құрылымдауға, оқу мақсаттарын анықтауға және оларды іске асыру әдістерін анықтауға көмектеседі;
— негізгі ұғымдарды терең түсінуге және аналитикалық дағдыларды, сыни ойлауды дамытуға ықпал ететін оқушыларға арналған практикалық жаттығулар мен кейстер әзірленетін болады.
2026 жылға күтілетін нәтижелер:
— географиялық білім беру аясында геосаясат бойынша білім жүйесін қалыптастыру әдістері талданып, таңдалатын болады;
— педагогтарға практикалық көмек көрсету мақсатында «Геосаясат» бөлімі бойынша әдістемелік құрал әзірленетін болады, бұл оқушылардың зерттелетін бөлім бойынша білімін тереңдетуге ықпал етеді;
— оқушыларға арналған практикалық жаттығулар мен кейстерді, сондай-ақ география пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралды әзірлеу нәтижелерін бағалау бойынша эксперименттік жұмыс жүргізілетін болады;
— жобаның нәтижелері халықаралық педагогикалық конференцияда сыналып, жоба ғылыми бағыты бойынша рецензияланған және science citation index expanded web of science және (немесе) scopus деректер базасындағы citescore көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын ғылыми басылымдарда 2 ғылыми мақала жарияланатын болады.