Жоба тақырыбының өзектілігі: Кез-келген елдің азық-түлік қауіпсіздігі – ауылшаруашылығының, оның ішінде егін шаруашылығының да дамумен тығыз байланысты. Егіншіліктің даму көрсеткіштері – ауылшаруашылық жерлердің агромелиоративтік жағдайымен және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігімен сипатталады. Егістік жерлердің агромелиоративтік жағдайын, экологиялық ахуалын және дақылдардың болжалды өнімділігін дәстүрлі әдістер арқылы зерттеу көп уақыт пен қаржыны талап етеді. Сондықтан, зерттеудің жаңа, ғарыштық әдістерін жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Біз ұсынып отырған «Отырар ауданындағы топырақтардың тұздылығының жүгерінің өсіп өнуіне әсерін зерттеу және дақылдың өнімділігін болжаудың ғарыштық әдісін әзірлеу» жобасы осыған арналады.
Жобаның идеясы – заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып, топырақтың тұздануының жүгері дақылының өсіп-өнуіне әсер ету дәрежесін анықтау және ғарыштық түсірілім мәліметтері мен топырақтың тұздануының және жүгерінің биомассасы арасындағы байланысты анықтау арқылы жүгерінің өнімділігін болжаудың ғарыштық әдісін жасау болып табылады.
Жобаның мақсаты: Топырақтың тұздануының жүгерінің өнімділігіне әсерін заманауи әдістер арқылы зерттеу және өнімділікті болжаудың ғарыштық әдісін әзірлеу.
Қаржыландыру көлемі. 53,3 млн теңге (2021-2023 жж (36 ай)).
Жобадан күтілетін нәтижелер:
Жобаның ғылыми бағыты бойынша рецензияланатын, Science Citation Index Expanded Web of Science базасында индекстелетін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша процентилі кемінде 35 (отыз бес) болатын, ғылыми басылымдарда 1 шолу мақаласы және 2 ғылыми мақала жарияланады;
БҒСБҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда 2 мақала жарияланады;
«Отырар ауданының агроландшафттары» атты монография әзірленіп, жарияланымға беріледі;
Авторлық куәлік түрінде 1 қорғау құжаты алынады;
Күтілетін нәтижелердің әрқайсысының қолданылу саласы және мақсатты тұтынушылары: Теориялық нәтижелерді мақсатты тұтынушыларына – зерттеу институттары, ауылшаруашылық және экологиялық бағытта зерттеулер жүргізетін ЖОО және практикалық нәтижелерді – меншік нысандарының шаруашылық субъектілері (фермерлер, кооперативтер және т.б.), шешім қабылдау мекемелері (аудандардың, ауылдық округтердің әкімдіктері, ауылшаруашылық басқармалары жəне т.б.).
Зерттеу тобы:
Жобаның ғылыми жетекшісі – Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлы, PhD, бас ғылыми қызметкер, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің постдокторлық бағдарламасының стипендиаты (постдокторант), 50-дан астам ғылыми басылым, оның ішінде Scopus деректер базасында 4 мақаласы жарияланды. Хирша (h) индексі 2-ге тең (https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=56983077100), https://orcid.org/0000-0002-3353-9681.
Жауапты орындаушы – Сманов Жасұлан Маратұлы, ғылыми қызметкер, Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институты, Тұзданған топырақтарды мелиорациялау бөлімінің ғылыми қызметкері және Қытай ғылым академиясы, Шыңжаң экология және география институтының докторанты. Ғылыми жұмысының негізгі нәтижелері 15-тен астам ғылыми мақалаларда жарияланған, оның ішінде Scopus деректер базасында 5 мақаласы жарияланды. Хирша (h) индексі 1-ге тең (https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57211743539).
Орындаушы – Каймулдинова Күләш Дүйсенбайқызы, география ғылымдарының докторы профессор, бас ғылыми қызметкер, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жаратылыстану және география институтының директоры. 200-ден астам ғылыми еңбектері бар, соның ішінде Scopus деректер базасында 4 мақаласы жариялады. Хирш индексі Scopus деректер базасында 1-ге тең (https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=55976304200 ).
Орындаушы – Алиаскаров Думан Тоқтарұлы, PhD, аға ғылыми қызметкер, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі Жаратылыстану және география институтының аға оқытушысы. Хирш индексі Scopus ДБ-да 1-ге тең (h-index=1). 25-тен астам жарияланымның, оның ішінде Scopus деректер қорында 1 мақаланың, 1 монографияның, 2 оқу құралының авторы.
Орындаушы – Тулегенов Ердаулет Аскарбекович, PhD, аға ғылыми қызметкер, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіндегі Жаратылыстану институты, география кафедрасының меңгерушісі. 50-ден астам ғылыми еңбектер бар, соның ішінде Scopus деректер базасында 1 мақаласы жариялады. https://www.scopus.com/authid/detail.uri?origin=resultslist&authorId=57208165117&zone=
Орындаушы – Пошанов Мақсат Нұрбайұлы, ғылыми қызметкер, Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институты, Тұзданған топырақтарды мелиорациялау бөлімінің ғылыми қызметкері және Қазақ ұлттық аграрлық университетінің докторанты. Ғылыми жұмысының негізгі нәтижелері 30-дан астам ғылыми мақалаларда жарияланған, оның ішінде Scopus деректер базасында 3 мақаласы жарияланды. Хирша (h) индексі 1-ге тең (https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=56983038700).
Орындаушы – Абикбаев Ержан Рахымкелдіұлы, , ғылыми қызметкер, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторанты, 20-дан астам басылымның авторы.
Орындаушы – Асқанбек Әйгерім Асқанбекқызы, ғылыми қызметкер, ауылшаруашылығы ғылымдарының магистрі, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің докторанты, 20-дан астам ғылыми басылымның авторы.
Орындаушы – Мырзалы Назира Бердіғұлқызы, кіші ғылыми қызметкер, география ғылымдарының магистрі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторанты. 15-тен астам басылымның авторы.
2022 жылғы жарияланымдар тізімі: ИРН № AP09260017 М.Н.Пошанов, С.У.Лайсханов, З.М.Сманов, С.Б. Кененбаев, Д. Т. Әлиасқаров, Ю.Р.Әбікбаев, А.С.Вырахманова және А.Асканбек (2022). Суармалы Шәуілдір массивіндегі жүгері өнімділігіне топырақ пен биологиялық өнімнің тұздану дәрежесінің әсері. Биология ғылымдарының Онлайн журналы, 22 (1), 58-67. https://doi.org/10.3844/ojbsci.2022.58.67 (Scopus, 3 тоқсан).
Лайсханов С. У., Сманов з. м., Каймулдинова К.Д., Мырзалы Н. Б., Уссенов Н. Е., Пошанов м. Н. және Әзімханов Б. (2022). Sentinel-2 суреттерін қолдана отырып, топырақтың тұздануының жүгерінің өсуіне және дамуына әсерін зерттеу (Zea Mays L.). Биология ғылымдарының Онлайн журналы, 22 (3), 323-332. https://doi.org/10.3844/ojbsci.2022.323.332 (Scopus, 3 тоқсан).
AP09260017″Отырар аймағында топырақтың тұздануының жүгерінің өсуі мен дамуына әсерін зерттеу және өнімділікті болжаудың ғарыштық әдісін жасау».
AP09260017 ҚР Ғылым және білім министрлігі «Абай атынындағы ҚазҰПУ» ҚеАҚ. Ш. У. Лайсхан Л16 Отырар ауданының агроландшафттарды: монография (Ш.Ұ.Лайсханов.-Алматы:Дарын.2022.-233 с.
ISBN 978-601-269-097-2