Жобаның өзектілігі Кәсіби маман қалыптастыру әрқашан қоғамның басты қажеттіліктерінің бірі болып саналатынын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауында елімізді саяси-экономикалық және әлеуметтік тұрғыда реформалауды тереңдетуге бағытталған ауқымды жоспарынан аңғарамыз. Мұнда білім саласы қызметкерлеріне өнімді еңбек үлгісін көрсететін азаматтарды қалыптастыру сияқты үлкен парыз жүктелген. Осыған орай, жоғары білім беру жүйесінде қазіргі заманғы кәсіби құзыреттердің даму деңгейіне сай, еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті, сапалы мамандар даярлау міндеті тұр.
Білім беру саласындағы серіктестік кәсіби білімде өз мақсаттарына жету үшін мамандар мен әлеуметтік институттардың бірлесуі. Кең мағынада әлеуметтік серіктестік деп үкімет, оның органдары арқылы әрекет етіп отырған мемлекет пен басқа субъектілердің: жеке тұлға, отбасы, мемлекеттік емес ұйым, кәсіби білім беру мекемелері арасындағы қарым-қатынас деп түсінген жөн. Серіктестік жоғары оқу орындары мен әртүрлі қоғамдық институттардың қызығушылықтарының бір арнаға тоғысуына негізделеді және сол мүдделердің кірігуінде көрініс береді. Мұндай бірлескен әрекеттестіктің нәтижелі болуы мақсаттың дұрыс қойылып, міндеттердің нақты айқындалуына, әр жақтың рөлдерінің дұрыс бөлініп, оларды жүзеге асырудағы жауапкершілікке тікелей тәуелді. Мемлекеттің тұрақты дамуы да осындай серіктестіктің нәтижелі қызметіне бағынышты.
ЖОО мен әлеуметтік серіктестік негізінде болашақ педагогтерді кәсіби дамытудың нәтижеге бағытталған мақсатты жұмыстарын ұйымдастыру болашақ педагогтердің инновациялық кәсібилігін дамытудың тиімділігін арттырады және болашақ педагогикалық мамандар даярлауды жаңа сапалық деңгейге көтереді
Жобаның мақсаты жоғары педагогикалық білімді жаңғырту жағдайында әлеуметтік серіктестердің қатысуымен метатаным тұжырымдамаға негіздей даярланған білім бағдарламалары арқылы болашақ педагогтердің кәсіби-педагогикалық сапаларын дамытуға жағдай жасау.
Журналдарда жарияланған мақалалар (жарияланымдар тізімі)
- Қ.Ж.Утеева, А.К.Олжаева, Б.Б.Атабекова*, К.А.Абдреймова, А.Т.Кенжебаевна //Жеткіншектер санасында құндылықтарды дамытудың маңызы // Bulletin of National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan ISSN 1991–3494 Volume 4. Number 404 (2023), 291-303 https://doi.org/10.32014/2023.2518-1467.551
- Б.Б. Атaбекова*, А.С. Косшыгулова//Болaшaқ педaгогтерді дaярлaудa әлеуметтік серіктестердің әлеуетін пaйдaлaну Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, No4(80), 2023ж. https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.80.4.019
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда 2 баяндама жасалып, жарияланды.
- Атабекова Б.Б. «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты cтуденттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференция МАТЕРИАЛДАРЫ Алматы, Қазақстан, 6-8 сəуір 2023 жыл. «Бiлiм бepудeгi әлeумeттiк cepiктecтiк қызмeтiнiң мәнi» 115-118б.
- Атабекова Б.Б.*, (авторлық бірлестікте). Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, педагогика кафедрасының және қазақстандық танымал ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Надежда Дмитриевна Хмельдың 95 жылдығына арналған «Педагогикалық ғылым және білім берудің әдіснамасы және практикасы» атты халықаралық дөңгелек үстел МАТЕРИАЛДАРЫ. Алматы, Қазақстан, 13 қараша 2023 жыл. «Әлеуметтік серіктестік – болашақ педагогтерді кәсіби даярлаудың инновациялық кепілі» 68-71б.