ЖТН AP14869424 «Деңгейлік парадигмалар әдіснамасы: оқылым мен жазылым»

Жобаның өзектілігі: Білім  беру  жүйесіндегі басты мақсат – ҚР білім сапасын анықтай отырып, әлемдік өркениетке жетудің жолын іске асыратын білімді  дара тұлға тәрбиелеу. Бұл – ұлттық мұраны жете меңгерген; ана тілінің сөздік қорын жетік игерген; адамзатқа ортақ рухани құндылықтарды білетін; өз ұлты мен тілін қастерлейтін, жері мен елін қадірлейтін; Отанын сүйетін дүниетанымы кең, ізденгіш, іскер, еңбекқор,  білімді  де  білікті зиялы ұрпақ қалыптастыру деген сөз. Аталмыш мәселе мемлекеттік тілді меңгерудің әдіснамасы мен әдістемесін, тың технологияларын, оқыту амалдарын жаңаша қарастыруды қажет етеді.

Жаңа гуманитарлық білім аясындағы осындай өзекті салалардың бірі – қазақ тілін өзгетілді аудиторияда деңгейлік оқыту мәселесі.

Қазақ тілін деңгейлік оқыту дегеніміз – білім алушының сөйлеу қабілетін анықтай отырып, әркімнің сұранысы мен тілді білу деңгейіне сәйкес қазақ тілін коммуникативтік-танымдық тұрғыдан  ауызша/жазбаша сөйлеу, оқу, жазу, тілдесу дағдыларын деңгейлік парадигмалар негізінде қарапайымнан  күрделіге  қарай дамыту.

Жобаның мақсаты: Еліміздің жаңа гуманитарлық білім жүйесінде қазақ тілін деңгейлік оқытудың Ережелері мен Стандарт көрсеткіштері жалпы қарастырылғанымен, бұл жобаның мақсаты – оқылым мен жазылым әрекеттеріне қатысты әдіснамалық – деңгейлік парадигмалардың білім мазмұнын, жиілік сөздігін, минимумдары мен оқыту амал-тәсілдерін арнайы зерттеп, әзірлеу.

 

Күтілетін нәтижелер Нәтижелер
Жаңа гуманитарлық білім аясында оқылым мен жазылым әрекеттерінің деңгейлік парадигмалық әдіснамасы анықталады.

Оқылым,  жазылым әрекеттерін Халықаралық стандарт негізінде деңгейлік парадигмаға сай  меңгерту айқындалады. «Жаңа гуманитарлық білім аясында оқылым мен жазылым әрекеттерін іске асыру амалдары» атты 1 дөңгелек үстел өткізіледі.

Оқылым,  жазылым үдерістерін монологтік, диалогтік, полилогтік сөз ерекшеліктерінің қағидаларына сай меңгерту жүйесі қарастырылады.

   Жаңа гуманитарлық білім аясында оқылым мен жазылым әрекеттерінің деңгейлік парадигмалық әдіснамасы анықталып, оқылым,  жазылым әрекеттерін Халықаралық стандарт негізінде деңгейлік парадигмаға сай  меңгерту айқындалды.

 2022 жылдың 24 қарашасында «Жаңа гуманитарлық білім аясында оқылым мен жазылым әрекеттерін іске асыру амалдары» атты магистранттар мен докторанттардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 Оқылым,  жазылым үдерістерін монологтік, диалогтік, полилогтік сөз ерекшеліктерінің қағидаларына сай меңгерту жүйесі қарастырылып, қазақ тілін деңгейлік меңгерту әдістемесі жүйеленді. Коммуникацияның монолог, диалог, полилог арқылы жүзеге асуының ұстанымдары анықталды. Оқылым мен жазылым әрекеттерінің деңгейлік парадигмалық зерттелуіне талдаулар жасалды. Сөйлесім әрекеттерінің деңгейлік оқыту парадигмасы талданды.

Лексикалық тақырыптар мен грамматиканың өзара сабақтастығына құрылған коммуникативтік білік, білім дағдылары функционалдық сауаттылықпен байланыстыра зерттеледі.

«Жаңа гуманитарлық білім: Оқылым мен жазылымды деңгейлік оқыту»  атты  республикалық конференция өткізіледі.

 

 

 

Лексикалық тақырыптар мен грамматиканың өзара сабақтастығына құрылған коммуникативтік білік, білім дағдылары функционалдық сауаттылықпен байланыстыра зерттелді. Лексикалық тақырыптар анықталып, әр деңгейдің лексикалық минимумы әзірленді. Лексикалық тақырыптар коммуникативтік білікті, білім дағдыларын қамтып жүйеленді.

2023 жылдың 31 мамырында  «Жаңа гуманитарлық білім: Оқылым мен жазылымды деңгейлік оқыту»  атты  республикалық конференция өткізіліп, конференция материалдары жинақ болып жарияланды (Республиканская научно-практическая конференция «Новое гуманитарное образование: уровневое обучение чтению и письму» – Казахский Национальный педагогический университет имени Абая (kaznpu.kz)).

Іссапар жоспарланады. Іссапарлар орындалды:

1.       2022 жылдың 14-16 қазан күндері аралығында жобаның бір мүшесі Өскемен қаласына іссапар ұйымдастырды. Ф.ғ.кандидаты, аға оқытушы Ж.А.Қоқанова «Жаңа гуманитарлық білім аясында тіл мен әдебиеттің алатын орны» атты семинарда баяндама жасады.

2.       2023 жылдың 24 ақпанында Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі, Назарбаев Университеті жəне Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері университетінің ұйымдастыруымен «Бағдарлы тілдік білім: Интеграция. Инновация. Технология» атты халықаралық ғылыми-əдістемелік семинарға жоба орындаушылары ф.ғ.к., аға оқытушы Қоқанова Ж.А. мен PhD, аға оқытушы Иманқұлова М.А. қатысты (Сертификаттар бар).

Зерттеу жұмыстары төмендегі мақалаларда жарияланды:

  1. Оразбаева Ф.Ш. ҚР Үздіксіз білім беру жүйесінде қазақ тілін деңгейлік оқытудың дәстүр мен инновация тоғысындағы басты бағдарлары// «Жаңа гуманитарлық білім: оқылым мен жазылымды деңгейлік оқыту» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 2023 ж. 5-10 бб.
  2. Ж.А. Қоқанова. Оқылым мен жазылым процестерінде диалогтың алатын орны// «Жаңа гуманитарлық білім: оқылым мен жазылымды деңгейлік оқыту» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 2023 ж. 25-31 бб.
  3. Иманқұлова М.А. Жазылымның түрлерін полилогпен байланысты оқыту// «Жаңа гуманитарлық білім: оқылым мен жазылымды деңгейлік оқыту» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 2023 ж. 31-35 бб.
  4. Мазибаева Ж.О. Оқылым түрлерін монолог арқылы деңгейлік меңгерту әдісі// «Жаңа гуманитарлық білім: оқылым мен жазылымды деңгейлік оқыту» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 2023 ж. 36-41 бб.
  5. А.Б. Қырықбаев, А.Б. Тоқмырзаева. Мектептегі тіл дамыту жұмыстарының ғылыми-теориялық мәселелері// «Жаңа гуманитарлық білім: оқылым мен жазылымды деңгейлік оқыту» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 2023 ж. 54-60 бб.
  6. Иманқұлова М.А. Қ.Жұбанов еңбектеріндегі жаңашыл технологиялар// DARA QAZAQ. Республикалық ғылыми-әдістемелік, ақпараттық танымдық педагогикалық журнал «Педагогика мен пихология: өзекті мәселелер» атты ҮІ республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференциясының материалдар жинағы. – Алматы, 2022. – 50-53 бб.

Халықаралық конференция материалдарына – 1 мақала жарияланды:

  1. Оразбаева Ф.Ш., Утегулова З. Тілдік коммуникация парадигмалары – интеграциялық жүйе// XVII GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2022: Central Asia. September. 55-58 бб

РИНЦ базасындағы журналда – 2 мақала жарияланды:

  1. Оразбаева Ф.Ш., Коканова Ж.А., Иманкулова М.А. Формирование коммуникативной компетенции при диалоговом изучении казахского языка// «Обществознание и Социальная психология». Москва, С.1787-1794. №6-1. (50)2023. https://drive.google.com/file/d/1KJcR7pVUZKElfalfVy05bk8RwOM2fJAk/view?usp=share_link
  2. Koканова Ж.А. Методы и приемы формирования навыков чтения// Научный аспект. РИНЦ. №5.2022. – Самара. Изд-во ООО «Аспект». Педогогика. С.41-45.

 

ҚР БжҒМ-нің бақылау комитеті ұсынған журналда 1  мақала жарияланды.

  1. Оразбаева Ф.Ш., Даулетбекова Ж.Т., Коканова Ж.А., Иманқұлова М.А. Қазақ тілін деңгейлік оқыту: оқылым мен жазылым ұстанымдары, әдістері. Абайатындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология Хабаршысы. №2.

 

Зерттеу тобының құрамы:

  1. П.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Оразбаева Ф.Ш.
  2. Ф.ғ.к., аға оқытушы Коканова Ж.А.
  3. PhD, аға оқытушы Иманқұлова М.А.
  4. PhD, аға оқытушы Бөгенбаева Ә.
  5. Магистр Мазибаева Ж.О.

 

 

 

 

 

 

 

 

You may also like...