Кәсіби даму (КД) білім сапасы мен өзектілігін арттыруды анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Кәсіби дайындалған мұғалімдердің болуы жоғары білім сапасы үшін өте маңызды, бірақ жоғары білім беретін мұғалімдердің көбісінің жеткілікті педагогикалық дайындығы жоқ, ал мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуын жүйелі инвестициялау ерекшелік болып қала беруде.
Бұл жоғары білімнің бұқаралық сипатқа ие болуы, тұлғаға бағытталған тәсілдердің таралуы және цифрлық технологиялардың маңыздылығының артуы, сондай-ақ басты назардың «hard» (кәсіби) дағдыдан «soft» (икемді) дағдыға ауысуы сияқты бірқатар заманауи үрдістерге байланысты. Жұмыс орнында табысқа жетуге көмектесетін жұмсақ, икемді дағдыларды және ақпарат пен білім дәуірінде олардың маңыздылығын елемеуге болмайды.
ПОҚ кәсіби жетістігін бағалау «soft skills» – коммуникация, көшбасшылық, рефлексия және өз-өзіне талдау жасау, өзара көмек, белсенділікті және т.б. дамытуға және қолдану қабілетіне байланысты. Сонымен қатар, халықаралық есептердің (ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО) деректері Қазақстан Республикасының педагогикалық ұжымы көп жағдайда КД іс-шараларына анда-санда немесе кездейсоқ қатысатынын көрсетеді, КД-дан күтілетін оң нәтижелерге қол жеткізілмейді.
Теориялық болжамдар мен нақты шындық арасындағы бұл қарама-қайшылық осы зерттеудің дәлелін қолдайды. Дамыған елдердің тәжірибесі бейресми көшбасшылық пен ішкі (intrinsic) мотивация кәсіби дамудың максималды нәтижелеріне алып келетінін көрсетеді. Сондықтан кәсіптік білім беру жүйесіндегі төмендеу иерархиясының формальды жүйелеріне қарағанда бұл жобада ұсынылған bottom-up бейресми жүйелері ең тиімді болып табылады.
Жобаның мақсаты: Мансаптың әр түрлі кезеңдерінде ЖОО профессор-оқытушылар құрамының кәсіби дамуындағы кедергілерді анықтау және «жұмсақ дағдылар» (soft skills) меңгерудегі «тар жолдарды» (bottlenecks) және олқылықтарды (gaps) жоюға арналған bottom-up моделі негізінде онлайн платформа (сайт) әзірлеу болып табылады.
Жобаның күтілетін нәтижелері:
1) Кәсіби даму мәселесі бойынша халықаралық тәжірибе зерделенеді (педагогикалық, инновациялық және ғылыми-зерттеу аспектілері) және ЖОО профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру контекстінде «soft skills» рөлі туралы әдебиеттерге жүйелі шолу жүргізіледі;
2) ЖОО оқытушысы мансабының әртүрлі кезеңдерінде туындайтын кедергілер мен «тар жолдар» (bottlenecks) анықталады және сипатталады;
3) Кәсіби дамудың жеке траекториясын бағалауға арналған инструментарий ұсынылады;
4) Кәсіби даму процесінде «soft skills» қалыптастыру стратегиялары, сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып, олардың тиімділігін бағалау әдістері айқындалады;
5) «soft skills» қалыптастырудағы «олқылықтар» (gaps) және «тар жолдарды» (bottlenecks) жою үшін bottom-up моделінің онлайн платформасы әзірленеді;
6) Кәсіби дамудағы және «soft skills» қалыптастырудағы кедергілерді жою тәсілдері бойынша практикалық ұсыныстар, сондай-ақ кәсіби даму сапасын бағалау моделі әзірленеді.