Өзектілігі: Жоғары білікті мектеп мұғалімдерінің жетіспеушілік жағдайы жан басына қаржыландыру механизмі қабылдануымен күрделене түсті. Бұл механизм жеке меншік мектептердің ашылу санын ынталандырды және оларға да құзыретті педагог-мамандар қажет болды.
Бүгінгі таңда орта білім беру нарығында мемлекеттік, жекеменшік, халықаралық және коммерциялық емес акционерлік қоғам мәртебесі бар мектептер жұмыс жасайды. Осы мектептердің басшылары өз ұйымдарына мұғалім іздеумен айналысуда. Көп жағдайда олар жұмыс жасауға өте қолайлы жағдайларды (жоғары жалақы, еңбек ету жағдайлары және т.б.) жалпы білім беретін мектептердің озық тәжірибелі мұғалімдеріне ұсынады. Осы себепті жоғары білікті мұғалімдердің мемлекеттік мектептен жекеменшік, халықаралық және басқа да мектептерге кетуі байқалуда.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетеді: «Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет. Өйткені олар шәкіртінің бойына жаңа білім сіңіре алатындай нағыз ағартушы болуға тиіс».
Алайда ҚР білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы ұлттық баяндамаға сәйкес бүгінгі таңда арнайы мектептерге педагогикалық кадрларды даярлау механизмі қалыптаспаған. Осыған байланысты, біздің ойымызша, Honors College академиялық үстемдік моделін әзірлеп, Қазақстан республикасының білім беру жүйесіне ендіру президенттің жоғары оқу орындары алдында қойған міндеттерді ауқытылы шешімі.
Жобаның мақсаты: Honors College академиялық үстемдік моделі арқылы білім беру саласына білікті кадрларды даярлау бағдарламасын теориялық тұрғыда негіздеп, әзірлеу және экспериментен өткізу.
2023 жылдың жарияланымдар тізімі:
01.07-30.09.2023
1.Нурланов Ш.Н., Билялов Д.Н. , Абсатова М.А., Байназар Ж.О. Институт директорства как перспективное направление программы академического превосходства Honors College ||Вестник КазНПУ им.Абая №4 2023 (ККСОН )в печати
2. Абсатова М.А., Билялов Д.Н., Нурланов Ш.Н., Байназар Ж.О., Жанбеков Х.Н. Honors College академиялық ҥстемдік моделі сапалы білім берудің факторы ретінде// «Білім беру стратегиялары: болашақ кадрларды даярлау» атты қоғам қайраткері, академик С.Ж. Пірәлиевті еске алуға арналған Халықаралық педагогикалық форумның ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: Абай атындағы Қазақ ҧлттық педагогикалық университеті, «Ҧлағат» баспасы, 2023 ж. – 190 б., Б.105-108