ЖТН АР19678846 «Цифрлық трансформация жағдайында жоғары оқу орындарының инфрақұрылымын дамыту негізінде оқу процесін ұйымдастырудың гибридті және қашықтық нысандарының тиімділігін арттыру»

Жобаның өзектілігі: Жоғары білімнің алдында тұрған цифрлық трансформация міндеттері қызметтің барлық түрлерін, базалық және қосалқы процестерді іске асырудың жаңа тәсілдерімен, білім беру процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылының жаңа қағидаттарымен және жаңа цифрлық сервистермен «цифрлық» ұйымдардың жаңа модельдерін қалыптастыруды талап етеді.
Бұл жағдайда қазіргі әлемдегі технологиялық өзгерістердің жылдамдығын және білім алушылардың жаңа құзыреттіліктерін қалыптастыру қажеттілігін ескере отырып, білім берудегі цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін зерттеу, оларды тиімді пайдалану жағдайларын болжау өте маңызды және өзекті болып табылады. Әр түрлі деңгейдегі цифрлық трансформацияның сәтті тәжірибелерін анықтауға, қалыптастыруға және таратуға ерекше назар аудару керек.
Жобаның мақсаты: цифрлық трансформация жағдайында оқу процесін ұйымдастырудың гибридті және қашықтықтан нысандарының тиімділігін арттыру үшін жоғары оқу орындарының цифрлық инфрақұрылымын дамытудың негізгі бағыттарын айқындау.

Журналдарда жарияланған мақалалар (жарияланымдар тізімі):

  1. «Развитие цифровой инфраструктуры университета в новой реальности высшего образования» тақырып бойынша «Инфо-стратегия 2023» ХIV халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағында мақала жарияланды

https://infostrategy.ru/konferencziya/2023/sbornik/

  1. «ҚазАТК хабаршысы» журналында мақала жарияланды. ҚазАТК Хабаршысы № 4 (127), 2023, б.207-217 https://vestnik.alt.edu.kz/index.php/journal

 

You may also like...