ЖТН АР14870750 «Жамбыл облысының шағын қалаларын тұрақты дамытудың тиімді үлгілерінің концептуалды негізін жасау»

Жобаның өзектілігі: XX ғасырдың аяғындағы еліміздің нарықтық экономикаға бетбұрысы, 2008-жылдары басталған бүкіләлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың әсері, Қазақстанда шағын қалалар санатына жататын «моноқала» ұғымының қоғамдық ортада кеңінен танылуына негіз болды. Әлемдік нарықтағы мұнай құнының тербелістері, түсті металдарға деген сұраныстың азаюы – экономикасы минералды ресурстардың экспортына тәуелді Қазақстан үшін «жаңа» мәселені күн тәртібіне шығарды. Бұл – шағын және моноқалаларды дамыту мәселесі. Еліміздегі табиғи ресурстарды өндіруге және өңдеуге негізделіп құрылған бұл қалалардың экономикасы әртүрлі факторлар (табиғи ресурстарға сұраныстың азаюы, қаржы-экономикалық т.т.) есебінен күрт құлдырауға көшті. Нәтижесінде еліміздегі 60-қа жуық шағын қалалардың басым көпшілігі депрессиялық өңірге айналды. Бұлардың қатарында Жамбыл облысының қалалары (Жаңатас және Қаратау – моноқала; Шу – шағын қала) да бар. Біз ұсынып отырған «Жамбыл облысының шағын қалаларын тұрақты дамытудың тиімді үлгілерінің концептуалды негізін жасау» жобасы осы өзекті мәселеге арналады.
Жобаның идеясы – тұрақты даму тұжырымдамасы негізінде шетелдік және отандық шағын қалаларды дамыту тәжірибелеріне салыстырмалы талдау жасай отырып, Жамбыл облысының шағын қалаларын әлеуметтік жаңғырту, экономикасын әртараптандыру және қоршаған ортасының «жасыл» дамуын қамтамасыз етудің тұжырымдамалық негіздемесін жасау арқылы олардың постиндустриялық даму бағыттары мен сцеранийлерін анықтау.
Жобаның мақсаты: Жамбыл облысының шағын қалаларын (Жаңатас, Қаратау және Шу мысалында) постиндустриялық тұрақты дамытудың тиімді модельдерінің концептуалды негізін жасау.
Зерттеу нәтижелері бойынша жобаны іске асыру кезеңінде мыналар жарияланады:

You may also like...