ЖТН AP14871476 «География мұғалімдерін даярлау мен қайта даярлаудағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру»

Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдары БҰҰ әзірлеген қоғам мен қоршаған ортаны тұрақты дамыту мақсаттарына қол жеткізу үшін білім беруді насихаттау мәселелерімен белсенді айналысады.  Мысалы, «География және экология» кафедрасының ғалымдар тобы ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын AP14871476 «География мұғалімдерін даярлау мен қайта даярлаудағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру» жобасын орындауда.

Бүгінгі таңда Тұрақты даму бағытында білім беру (ТДБ) мәселесі өте өзекті. Тұрақты даму мақсатында білім беру (ТДБ) – бұл тұрақты даму және білім, білік, перспектива мен құндылықтарды дамыту мәселелері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету және түсінікті кеңейту мақсаттарына дярлау, сонымен қатар ақпараттандыру, білім беру аспектілерін бірге қарастыратын динамикалық тұжырым. Бұл география мұғалімдеріне тұрақты болашақ құру және оны иелену жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдауға мүмкіндік береді.

Жобаның негізгі мақсаты – оқу үдерісінде тұрақты даму мақсаттарын (ТД) іске асыру әдістемесін әзірлеу негізінде география мұғалімдерін даярлау және қайта даярлау, оның саясаты мен практикасы бойынша білім беру жүйесін қайта бағдарлау үшін зерттеулер жүргізу; білім беру базасын және осыған қажет барлық шарттар мен жағдайларды қалыптастыру.

Жобаны іске асыру – тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін мұғалімдерді даярлауды жетілдіруді және қайта бағдарлауды қамтамасыз ете отырып, білім беру процесінің сапасын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Тозып бара жатқан ғаламшарымызда ешқандай экономикалық немесе әлеуметтік даму болуы мүмкін емес. Біздің Жеріміздегі тіршілікті қалыптастыру жүйелеріндегі өзара тәуелділік және адамзаттың жайлы өмір сүруі табиғат ресурстарының сарқылуына байланысты болатыны туралы терең түсінік қалыптастыру мақсатында оқыту тұрақты даму үшін білім берудің негізі болып табылады. Білім – тұрақты дамудың іргетасы болып табылады, бұл туралы Рио-де-Жанейрода өткен 21 саммиттің 36-тарауында баса айтылған.

Білім беру арқылы тұрақты болашақты қамтамасыз ету үшін қажетті құндылықтарды, көзқарасты, мінез-құлықты және өмір салтын қалыптастыруға болады.  Тұрақты дамуға арналған білім – бұл ұзақ мерзімді болашақты қамтамасыз ету үшін қажетті шешімдерді қалай қабылдауға болатындығын оқыту процесі. Болашаққа бағытталған ойлауды дамыту – біздің басты міндетіміз

Жоба іске асырылған жағдайда география мұғалімдерін даярлау мен қайта даярлауда ТДМ іске асыру әдістемесі әзірленетін болады; ТД үшін білім беруде біртұтас кешенді тәсілді қабылдау, оны білім беру саясатына және еография мұғалімдерін даярлау мен қайта даярлаудың білім беру жүйесіне интеграциялау жөнінде нақты нұсқаулар берілетін болады.

Ғылыми іргелі жобаның жетекшісі – жас PhD ғалым Нұржанат Шакирова. Зерттеу тобының негізін мектеп оқулықтарының авторлары, ғылым докторлары Күләш Каймулдинова, Бахадур Әбдіманапов, г.ғ.к., геоэколог Қарлығаш Муздыбаева және г.ғ.к.,  БҰҰДБ жобаларында жұмыс атқарған г.ғ.к., А. Белый құрайды. Осылай, біздің университеттің талантты ғалымдары ғылымның дамуына өз тараптарынан үлес қосып, елдің экологиялық білімінің көптеген мәселелерін шешуге ат салысуда.

Жоба бойынша жеткен нәтижелер:

2022 жылы БҰҰДБ-мен (Белый А.А.), Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар Орталығының Кеңсесімен (Медиева Г. А.) жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, зерттеу тобы тәжірибе алмасу және зерттеу мақсатында Әзірбайжандағы География институты мен Баку мемлекеттік университетінде болды. (Ақпараттық құралдары да жазды. https://m.igaz.az/ru/news/1291/)

2023 жыл

ТДМ-ын Тұрақты даму саласындағы география және мұғалімдерін даярлау және мұғалімдерді қайта даярлауды оқыту әдістемесін оқу процесіне енгізу тәжірибесін зерделеу мақсатында зерттеу тобының мүшелері Жапониядағы Окаяма университетінде,  ЮНЕСКО желісі мектептерінде болып, Окаяма университетінің педагогикалық мамандықтарының студенттеріне арналған ТДБ («Сurrent situation and challenges of school education in Kazakhstan») бойынша дәрістер оқыды. Бұл жасалған жұмыстарды ‘Promotion of SDGs and ESD in the Republic of Kazakhstan’, Teacher Education for Sustainable Development сертификаттары куәландырады.

Ағымдағы жылдың 16-20 қазан аралығында жобаның зерттеу мақсаттары шеңберінде Абай атындағы ҚазҰПУ базасында география пәні мұғалімдеріне барлық 17 ТДМ мазмұнының негіздерін беру мақсатында, өз мамандығы бойынша жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды игеруге көмектесу үшін «Географиялық білім берудегі тұрақты даму мақсаттары» атты гибридті форматта 5-күндік үлкен семинар-тренинг өткізу дайындалуда. Бұл Географиялық білім беруде ТДМ-ға қатысы бар зерттеу орталықтарының спикерлері шақырылатын үлкен іс-шара болады деп күтілуде.

Зерттеу нәтижелері жинақталып, ғылыми мақалалар түрінде ресімделіп, жетекші халықаралық және отандық рецензияланатын журналдарға өткізіліп, қарастырылуда тұр:

1)           Ғылыми мақала «Effectiveness of Emotional Learning of Geography Teachers in the Study of climate as One of the Sustainable Development Goals, сдана в Journal of Geoscience Education (Scopus, Education – 70%), корреспондент – автор Шакирова Н.Д.

2)           Ғылыми мақала «Evaluating the Effectiveness of Sustainable Development Goals integration into the future geography teachers education», журнал Education sciences (Scopus, Education – 87%), корреспондент – автор Кумызбаева С.К.

3)           Ғылыми мақала «Traditional ecological knowledge of the kazakh people as a prerequisite for education for sustainable development», журнал КазНПУ им. Абая. Журнал «Педагогика и психология». корреспондент – автор Шакирова Н.Д.

4)  Ғылыми мақала «К вопросу о содержании ЦУР в школьном географическом образовании», журнал Торайгыров университеті журналы, серия Педагогикалық ғылымдар сериясы, корреспондент – автор А.Белый

5)           Ғылыми мақала «Learning SDG-13 – Combating Climate Change at Abai University», Абай ат. ҚазҰПУ Хабаршысы, Педагогикалық ғылымдар сериясы, корреспондент – автор Усенов Н.

 

You may also like...