ЖТН AP19176992 «ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиетін мектеп оқушыларына оқыту әдістемесі (Абай мектептері желісі бойынша)».

Жобаның өзектілігі: Соңғы жылдары мектеп мұғалімдері ғылым саласындағы жаңалықтардан алшақтап кетті. Педагог өз пәніне сыни көзқараспен қарап, әр тақырыптың, әр мақсаттың ғылыми негізін ұғып, оны балаға оңай жеткізудің жолдарын шебер табуы үшін арнайы білім керек. Жаңартылған білім беру мазмұны енгізілген кезеңнен бері арнайы әдебиетті оқытуға қатысты жазылған ғылыми-әдістемелік еңбектер жоқтың қасы. Бұл – біздің ғылыми жобамыздың қоғамда сұранысқа ие екенін айқындайды.
Жобаның мақсаты: Абай мектептері желісіне зерттеу жүргізу арқылы оқушы танымына сай келетін, қызығушылығын арттыратын жаңа ғасыр туындыларын анықтау, тақырыптық-мазмұндық жағынан сәйкес келетін әлем әдебиеті үлгілерін саралау, оларды оқытудың әдістемесін жасау, педагогтарға арналған оқу-әдістемелік құрал әзірлеу.

 

You may also like...