ЖТН AP19679663 «Орта Азияның қазіргі геосаяси кеңістігіндегі мүделер ықпалдастығы: Экономикалық интеграция және ұлттық қауіпсіздік факторлары тұрғысында»

Жоба өзектілігі: Бұл жоба – Орталық Азия елдері мен  Қазақстанда бұған дейін зерттелмеген тақырып. Себебі жоба – Орталық Азияны ежелден ірі мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделері тоғысқан аймақ ретінде қарастырып, қазіргі кездегі геосаяси жағдайы мен шиленіскен проблемаларын  отандық немесе аймақтағы елдердің ғана ұстанымымен емес, әлемдік деңгейдегі аймаққа әсер етуші елдердің ұстанымдарын да негізге ала отырып зерттеуді мақсат етеді. Аймаққа ықпал етуші ірі елдер қатарына жататын – Қытай,  Ресей, Түркия, АҚШ және Батыс Еуропа елдері, Иран сондай-ақ Ауғанстан мен Үндістан мемлекеттерінің мүдделері мен аймақтағы әсеріне саяси, тарихи және экономикалық-әлеуметтік тұрғыда жеке-жеке талдау жасайды. Өйткені, аймақтағы ірі ойыншы елдердің өздерінің мүддесі мен «шындығы» бар. Олар осы көзқарастарын өз тілдерінде және өз ақпарат құралдары мен ғылыми зерттеулерінде жариялап отырады.  Сондықтан қытай, ағылшын, орыс, түрік, парсы және басқа да тілдерде жарық көрген әдебиеттер, ақпараттар, сататистикалық мәліметтерді зерттеу, қолдану және соларға талдау жасау жобаның ауқымдылығы мен жан-жақтылылығын көрсетеді.  Бұл да ғылыми жобалар үшін үлкен жаңашылдық болып табылады.
Жобаның тағы бір маңыздылығы – аймақ елдерін жаңаша бағыт ұстануына  әсер етіп отырған аймақтағы соңғы геосаяси және геоэкономикалық жағдайларды талдау. Мысалы, «Орталық Азия + Үндістан» бағдарламасы, Түркі тілдес елдер ұйымы,  Ресей мен Украина қақтығысы және басқа да осы тектес күрделі үдерістерді «Бір жол, бір белдеу» секілді бұрыннан бар бағдарламалармен салыстыра талдау арқылы еліміздің және аймақ елдерінің тәуелсіздігі мен баянды даму болашағына баға береді.
Қорыта айтқанда, жоба Орталық Азия елдерін тағдыры біртұтас тұлға ретінде,  ықпал етуші ірі елдерді де тұтас сыртқы күш ретінде қарастырады. Осы мақсатқа жетуде мұрағаттық, тарихи- баяндау, салыстырып-талдау, статистикалық және географиялық- үлгілеу, ГАЖ технологиясы және тағы басқа әдістерді пайдаланады. Жұмыс тобындағы саясаттану, география, түркология, тарих, тіл және экономика саласының тәжірибелі мамандары мен жас ғалымдарның біліктілігі жеткілікті. Зерттеу нәтижелері мен тұжырымдарын ЖОО-дағы «Халықаралық қатнастар», «Аймақтану», «Шығыстану», «Саясаттану», «Түркі тілдес елдер географиясы»,    «Тарихи-география» және басқа да мамандықтар, мемлекеттік құзырлы мекемелер, зерттеу институттары, мектеп оқытушы-оқушылары пайдалана алады.
Жоба мақсаты: Жобаның мақсаты-Орталық Азия елдерінің қазіргі геосаяси және геоэкономикалық жағдайын тарихи-географиялық, саяси-әлеуметтік тұрғыдан зерделеу және өңірге әсер ететін түрлі ірі елдердің ұстанымдары мен көзқарастарын салыстыру және талдау жолымен өңірдің болашақ дамуын экономикалық интеграция, Инвестициялар және саяси қауіпсіздік тұрғысынан бағалау.

Опубликованы статьи в журналах

  1. Болатбек Батырхан, Қастер Сарқытқан «Великое наследие тюркского мира – Бабур-наме и казахская духовность». «The Impact of Zahir Ad-din Bobur`s Literary legacy on the advancement of Eastern Statenhood and Culture» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдар жинағы. Ташкент 25-27 қазан, 366-373 б.
  2. Kaster Sarkytkan, Gulmira Berdygulova. Intellectual relationship between Kazakhstan and China (Based on the Features of Kazakhstan`s Education and Science sphere) By Сборник материалов конференции подготовлен в рамках исследования КН МНВО «Китайская инициатива «Пояс и Путь» и геоэкономические интересы Казахстана», 22.09.2023ж. 134-144 б.
  3. Қастер Сарқытқан, Зәуре Дунбаева «Геосаяси мүдделер тоғысқан Орталық Азия елдері». bulletin-geography.kaznu.kz// Том 70 № 3 (2023): Хабаршы ҚазҰУ География сериясы. 13-27 б https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v70.i3.02
  4. Сарқытқан Қ., Ерболат Е. «Дүниежүзінің саяси картасындағы шиленісті аймақтар және қазақстанның геосаяси мүддесі», Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы,«Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №3(77), 2023ж. 110-120 б.
  5. Kalamkas Rakhimova1, Bolatbek Batyrkhan2 & Kaster Sarkytkhan, National Ideas of Persian and Kazakh Intellectuals at the Beginning of the 20th Century, in the Struggle for the Independence of Kazakhstan. ISVS e-journal, Vol. 10, Issue 12 December, 2023 // https://isvshome.com/pdf/ISVS_10-12/ISVSej_10.12.47.pdf (Скопус) https://doi.org/10.61275/ISVSej-2023-10-12-47
  6. Қастер Сарқытқан, Орталық Азия: тарихи, саяси және экономикалық мүдделер аясында// https://qazaqtimes.com/article/94359// 04.12.2023ж
  7. Қастер Сарқытқан, Өзбекстан қазақтарының хал-жағдайы қалай?. Abai.kz. 1.06.2023
  8. Қастер Сарқытқан, Ғылыми ізденіске толы сапар. Ақиқат журналы, 27.06.2023
  9. Бердыгулова Г.Е., Дунбаева З.Қ. , Ерболат.Е. Геосаяси және геоэкономикалық үдерістерді жаңа технологияларды пайдаланып оқытудың маңызы. «Қ.А.Яссауидің туғанына 930 жыл: Тарих тағылымы қазіргі білім мен тәрбие кеңістігінде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдар жинағы. 2024 жылдың 26 қаңтары, Алматы қаласы Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясы. 210-205 б.
  10. Қастер Сарқытқан, Іле қазақ автономиялы облысы және ондағы этникалық қазақтардың әлеуметтік жағдайына шолу. «Қ.А.Яссауидің туғанына 930 жыл: Тарих тағылымы қазіргі білім мен тәрбие кеңістігінде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдар жинағы. 2024 жылдың 26 қаңтары, Алматы қаласы Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясы. 170-177 б.

Іс-сапарлар есебі
Жобасының аясында алғашқы іссапарымызды 2023 жылдың 18 қыркүйегі күні Қырғызстанға сапарлаудан бастадық. Сапар 22 қыркүйек күні ақырласты.
Біз осы бес күн ішінде Бишек қаласындағы ЖОО мен Ғылым академиясында болдық, ғалымдармен кездесу, пікір алмасу, қажетті ақпараттарды шолу, университет және ғылыми институт басшыларының қабылдауында сондай-ақ студенттерге ашық сабақ өткізу, дөңгелек үстеге қатысу және басқа да іс-шараларға белсене қатыстық. Біздің күнделікті жұмыс тәртібіміз таңғы 9:00 -ден кешкі 17:00 ге дейін жалғасып жатты. Күнделікті кездесулер, сабақтар мен пікір алмастырулар, кітапханаларды, сирек қорларды аралау бізге уақыттың тапшылығын сездірді.
Біз осы іс-сапар барысында төмендегідей оқу орындары мен ғылыми мекмелерге бардық және сол салаға жауапты басшылармен және ғалымдармен кездестік:
Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің проректоры, ф.ғ.д., профессор Садык Алаханұлы. Біздің бұл кездесуіміз университеттің басты жаңалықтары қатарында саитта жарияланды. Сілтемесі:
https://www.knu.kg/ky/archives/1732

  1. Қырғыз ұлттық университетінің филологиялық білім беру кафедрасының меңгерушісі, Қырғызстанның ғылымға еңбек сіңірген қайраткері Байсабаев Бектұрсын Ашымович
  2. Қырғызстандағы Қытайдың Хынан университетінің «жібек жолы» институтының директоры, профессор Субай Анарбек

You may also like...