Зерттеу жұмысының негізгі бағыты даму стратегиясымен, оқыту әдістері мен құралдарымен, тұрақты даму мақсатында география мұғалімдерін даярлаумен және қайта даярлаумен байланысты. Барлық деңгейдегі білім беру мекемелерінде (мектепке дейінгі, орта мектеп, арнаулы орта, жоғары) қолдану күтілуде.
Жобаның негізгі мақсаты: оқу үдерісінде тұрақты даму мақсаттарын іске асыру әдістемесін әзірлеу негізінде география мұғалімдерін даярлау және қайта даярлау, оның саясаты мен практикасы бойынша білім беру жүйесін қайта бағдарлау үшін зерттеулер жүргізу; білім беру базасын және осыған қажет барлық шарттар мен жағдайларды қалыптастыру.
Жобаны іске асыру – тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін мұғалімдерді даярлауды жетілдіруді және қайта бағдарлауды қамтамасыз ете отырып, білім беру процесінің сапасын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
Білім беру жүйесі үшін практикалық маңыздылығы:
Алғаш рет тұрақты даму мақсатында білім беру идеяларына ықпал ететін білім беру бағдарламалары мен мектеп оқулықтарын жобалау бойынша ұсынымдардың теориялық және қолданбалы мүмкіндіктері негізделеді; нақты қадамдар алгоритмі Тұрақты даму бағытында білім беру (ТДБ) контекстінде география бағдарламалары мен оқулықтарын жобалау нұсқаулығы берілетін болады және практик мұғалімдерге әдістемелік ұсынымдар әзірленетін болады; білім беру саласында және жалпы қоғамда пайдаланылу мүмкін.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде:
– 2022 жылы география пәні мұғалімдерін даярлау мен қайта даярлаудың тиімділігі мен сапасын бағалау критерийлері анықталады.
– 2023 жылы география мұғалімдерін даярлау мен қайта даярлаудың оқу процесіне ТДБ іске асыру бойынша нақты әдістемелік ұсынымдар әзірленетін болады.
– 2024 жылы ТДБ міндеттерін іске асыру үшін география мұғалімдерін даярлау және қайта даярлау курсы әзірленетін болады. «Педагог кадрларды даярлауда ТДМ (тұрақты даму мақсаттары) іске асырудың теориясы және практикасы» тақырыбында монография, «Географиялық білім беруде ТДМ оқыту әдістемесі» тақырыбында оқу құралы, «География мұғалімдерін даярлау мен қайта даярлаудың оқу процесінде ТДМ іске асыру» тақырыбында ЖОО оқытушыларына арналған әдістемелік нұсқаулық шығарылады.
Осы жобаны орындаудың барысында келесі жарияланымдар күтілуде:
– Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасында кемінде 35 (отыз бес) CiteScore бойынша процентилі бар шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдардағы 2 ғылыми мақала;
– КОКСОН ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолулар;
– Web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) немесе 2 (екінші) квартильге кіретін рецензияланатын ғылыми басылымда 1 (бір) мақаладан немесе шолудан кем емес;
– Web of Science базасының Arts and Humanities Citation Index индекстелетін рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолулар.
Педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау курстары теориялық және практикалық аспектілер арқылы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін пайдалану түрі болып табылады.
Зерттеу тобының құрамы:
Жоба жетекшісі – бас ғылыми қызметкер Шакирова Нуржанат Далеловна, PhD, аға оқытушы, Scopus Author ID: 57220766393; SciProfiles: 3131001 ORCID https://orcid.org/0000-0003-2255-9668; h=1
Бас ғылыми қызметкер – Каймулдинова Куляш Дуйсенбаевна, г.ғ.д., профессор, Scopus Author ID: 55976304200; ORCID https://orcid.org/0000-0001-7352-5586; h=2
Жетекші ғылыми қызметкер – Абдиманапов Б.Ш., г.ғ.д., профессор, Scopus Author ID: 55975407800; ORCID 0000-0003-2377-6031; h=2
Аға ғылыми қызметкер – Муздыбаева К.К., г.ғ.к., аға оқытушы, Scopus Author ID: 57196247133; ORCID 0000-0003-4258-5636; h=2
Аға ғылыми қызметкер – Кумызбаева С.К., PhD., аға оқытушы, Scopus Author ID: 57192170690; ORCID 0000-0003-3175-2435; h = 3
Аға ғылыми қызметкер – Белый А.В., г.ғ.к., доцент, 20 жылдан астам тәжірибесі бар көміртекті аз пайдалану, энергия тиімділігі, ТКШ және қоршаған орта мәселесі бойынша жетекші ұлттық сарапшы. 2004-2021 жылдар кезеңінде жалпы қаржыландыру көлемі шамамен 20,5 млн АҚШ долларлық БҰҰДБ, ЖЭҚ, ЮНЕП, Еуропалық Одақ және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұлттық сарапшысы/үйлестірушісі/халықаралық жобаларының басшысы болды. Жобаларының бағыттары: энергия тиімділігі, энергия үнемдеу, энерготиімді құрылыс, тұрғын үй ғимараттарын басқару және сервистік қызмет көрсету, ТКШ дамыту, жасыл қаржыландыру.
Кіші ғылыми қызметкер – Усенов Н.Е.., PhD, аға оқытушы Scopus Author ID: 57221727221; ORCID 0000-0002-3579-9698; h = 3
Кіші ғылыми қызметкер – Алиаскаров Д.Т., PhD, аға оқытушы Scopus Author ID: 57197876414; ORCID 0000-0002-7628; h = 2
Кіші ғылыми қызметкер – Баканов Н.Г., «6D011600-География» мамандығының докторанты.