Ғылыми жобаның өзектілігі Қазақстан аумағында дәстүрлі мұнайдан да қоры көп осындай шикізат түрін қалдықсыз өңдеп, энергетикалық мақсатта халық шаруашылыға пайдалану болып табылады.
Ғылыми жобаның мақсаты өңдеуге қиын тұтқырлығы жоғары мұнайлы құмды термиялық өңдеудеу арқылы сұйық отын алумен қатар, өңдеудің қатты қалдығын құрылыс саласына пайдаланудың ғылыми негіздемесін жасау.
Жобаның міндеттері:
– Мұнайлы құмның морфологиялық құрылымын заманауи микроскоптық құрылғылармен зерттеу
– Мұнайлы құмды құрайтын минералды және органикалық бөліктің бір-бірімен өзара байланысу механизмін қарастыру.
–Мұнайлы құмды термиялық өңдеу арқылы сұйық отын алу және қолайлы өңдеу тепературасы және өңдеу уақыты сияқты осы процестің негізгі технологиялық параметрлерін анықтау.
– Термиялық өңдеуге буландырғыш агенттердің (газдарының) әсерін зерттеп, мұнайлы құмның органикалық өнімдерінің булануына әсерін зерттеу.
–Мұнайлы құмнан термиялық өңдеумен алынған сұйық өнімнің құрамындағы механикалық қоспаның және судың мөлшерін анықтау, оларды мұнай құрамынан бөліп алу әдісін қарау.
–Мұнайлы құмнан термиялық өңдеумен алынған сұйық өнімнің тығыздығы, күлділігі, фракциялық құрамы, элементтік құрамы, топтық құрамы қатарлы негізгі физикалық және химиялық сипаттамаларын зерттеу.
–Мұнайлы құмның сұйық өнімдерінің энергия беру қабілетін анықтау, оған спектроскоиялық және хромотографиялық анализдер жүргізу, сонымен қатар хроматомасс спектромерилық зерттеу жүргізу
–Мұнайлы құмнан алынған сұйық өнімдерге термогравиметриялық анализдер жүргізу арқылы олардың термиялық ыдырау жағдайын талдау
–Мұнайлы құмның минералды бөліктерінің құрамындағы глинаны бөліп алып алу, және оның сипаттамаларын зерттеу.
–Мұнайлы құмды термиялық өңдеу барысында пайда болған қатты қалдықты зерттеу, оның гидрофоптық қасиетін зерттеу арқылы оны су жұқпайтын құм ретінде құрылысқа пайдалану мүмкіндігін қарастыру
–Мұнайлы құмның қатты қалдықтарын жол құрылысына, асфальтобетонға толықтырғыш ретінде қосу арқылы оның құрылыс материалдары ретінде пайдаланудың ғылыми негізін жасау.
–Мұнайлы құмды термиялық өңдеу кезінде бөлінетін газды қоспаның құрамын зерттеу.
–Мұнайлы құмды термиялық өңдеу арқылы сұйық отын алу үрдісінің жалпы процесс механизмін зерттеу және оның химизмін ұсыну.
Жоба идеясы – мұнайлы құмдарды термиялық өңдеу арқылы сұйық отын алу және алынған өнімнің товарлық мұнай сипаттамаларына сәйкестігін зерттей отырып, өңдеу процесінен шыққан қатты қалдықтарды құрылыс материалы ретінде пайдалану. Жанғыш пайдалы қазба ретінде Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе обылыстарының мұнайлы құмдары пайдаланылады.
Жобаның шешетін маңызды міндеті – отанымызда қоры көп болғанымен әлі өндіріске жетпеген, жанғыш пайдалы қазбаны терең өңдеу және қалдықсыз технологиясын дайындау, оның ғылыми негізін салу. Сондықтан, оны өңдеудің тиімді әдісін табу ел экономикасына пайдалы болады.
Ғылыми жобаның практикалық маңыздылығы – жанғыш пайдалы қазба ретінде мұнайлы құмдардан сұйық отын алу арқылы оны тауарлы мұнай ретінде пайдалау және өңдеудің қатты қалдығын құрылыс материалы ретінде пайдалану.
Ғылыми жоба жетекшісі Тілеуберді Е.