ИРН АР14872059 «PISA зерттеулеріне сәйкес мектеп оқушыларының функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері»

Жобаның мақсаты – PISA зерттеулеріне сәйкес мектеп оқушыларының функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыруды педагогикалық тұрғыда зерделеу: әдіснамалық қағидаттарын анықтау, теориялық негіздеу және эксперименттік тексеру. Мектеп оқушыларының функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша жүргізілетін зерттеу жұмыстары мен эксперименттік тексеру қорытындысын білім беру жүйесіндегі мемлекеттік тапсырыстарды жоспарлауда пайдалану.

Шетелдік тәжірибемен алмасу мақсатында, зерттеу міндетіне сәйкес жоба бойынша Слупск қаласындағы (Польша)  Поморск академиясында «Metodologiczne podstawy kcztaltowania funkcgonalnej znajomoscki nauk przyrodniczysh studentow zgodnie  z badaniami  PISA» атты  халықаралық семинарда  жоба орындаушылары профессор м.а. Карбаева Ш.Ш., доцент Жумагулова К.А., PhD аға оқытушы баяндама жасап,   польшалық   әріптестермен сұрақ-жауап түрінде  пікір алмасты  https://www.instagram.com/p/CxckboILY2Q/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== .

Жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша қазақстандық оқулықтардағы тапсырмаларға PISA зерттеулерінің деңгейлік тапсырмаларымен салыстырмалы талдау жасалады. Соның нәтижесінде жоба орындаушылары педагогика ғылымдарының докторы профессор Д.М.Қазақбаева және педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Ш.Ш.Карбаеваның «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамытудың әдіснамалық қағидаттары» атты ғылыми мақаласы ағылшын тілінде Қарағанды Университетінің Хабаршысы, Педагогика сериясында жарияланды (№1(109)/2023-Педагогика URI: https://rep.ksu.kz//handle/data/15974. 2023-03-30).

Мақалада ұлттық білім беру мәселелерін жүзеге асырудың құрамдас бөліктерінің бірі жаратылыс-ғылыми сауаттылықты дамытудың әдіснамалық қағидаттары анықталып, заманауи мектепте білім алушылардың білімі мен дағдыларын дамыту және оларды ақпараттық қоғамның сұранысына жауап беретін шығармашыл, креативті тұлға ретінде тәрбиелеу зерттеудің негізгі бағыты мен идеясы негізінде PISA және басқа да халықаралық зерттеулер тапсырмаларын ескере отырып практикалық бағыттағы тапсырмаларды құрастыру мәселелелері қарастырылған.

Сонымен қатар п.ғ.к., профессор м.а. Ш.Ш.Карбаева, п.ғ.д., профессор Д.М.Қазақбаева, PhD, аға оқытушы Ж.М.Битибаева, магистр, оқытушы Е.Т.Хорғаспайдың  «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру мен бағалаудағы практикаға-бағдарланған тапсырмалар» атты ғылыми мақаласы орыс тілінде Халықаралық конференция материалында жарияланды (Academics and Science Reviews Materials (June22-23, 2023) Helsinki, Finland. https://ojs.publisher.agency/index.php/ASCRM/issue/view/36).

Мақалада оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын арттырудың негізгі ресурсы практикаға-бағдарланған тапсырмалар негізінде пәндік тапсырмаларды орындауда өмірлік жағдаяттағы тапсырмаларды орындауға үйрету тәсілдері қарастырылған.

PISA зерттеулеріндегі жаратылыстану-ғылыми сауаттылыққа қатысты тапсырмалардың ішінен әр деңгейге сәйкес келетін тапсырмалар іріктеліп алынды.  Әр оқулықта берілген тапсырмалар мен сұрақтар PISA зерттеулерінің жоғары деңгейіне сәйкес келетін тапсырмалармен толықтырылды. Жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша күрделілігі жоғары деңгейлік тапсырмалар құрастыруда қазан айының соңында нұсқаулық жарыққа шығады.

Осы талдау нәтижелері бойынша 2 ғылыми мақала баспаға ұсынылды:

  1. Monitoring the quality of the educational process against the requirements of the pisa international studies: structure, technology maps, results» (авторлары: Майматаева А.Д., Мукатаева Ж.С., Битибаева Ж.М. Галымова Н.Г.) тақырыбындағы мақала рецензиядан өтіп Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің тізіміне енген журналға қабылданды («Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Хабаршысы» журналы, «Педагогика ғылымдары» сериясы)
  2. «Technology of formation of natural science functional literacy of students in the context of PISA studies» (авторлары: Майматаева А.Д., Казакбаева Д.М., Карбаева Ш.Ш., Жумагулова К.А., Битибаева Ж.М.) тақырыбындағы мақала рецензиядан өтіп Scopus базасына енген Education процентил -63 журналға қабылданды

 

 

You may also like...