ЖТН №АР09058677 «Математикалық физиканың классикалық емес теңдеулері үшін шекаралық есептердің қисындылығын зерттеу»

Жобаның өзектілігі. Математикалық физиканың классикалық емес теңдеулері дербес туындылардағы теңдеулер теориясының қарқынды дамып келе жатқан бөлімдерінің бірі. Классикалық емес теңдеулерге классикалық болып саналмайтын теңдеулер жатады, мысалы, аралас типті теңдеулер, эллиптикалық, параболалық, гиперболалық типтердің азғындалған теңдеулері, бөлшек тәртіпті интегралдық және дифференциалдық теңдеулер, құрамдас және аралас-құрамдас типті …

ЖТН №АР09259432 «Алаш ісі. 1920-1930 жж. ОГПУ-НКВД жүргізген жасанды тергеу істерінің құжаттары мен материалдары»

Жобаның өзектілігі.  Бұл жобаны даярлауға себеп болған Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жасаған үндеуі (30 мамыр 2020 жыл) болды. Президент өз жолдауында  «Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мелекеттік комиссия құруды» …

ЖТН АР08855685 «Тілдік коммуникация парадигмалары: әдеби айтылым мен латынәліпбилі жазылым»

Жобаның өзектілігі: Қазіргі тіл білімінде   әлем бейнесі мен  адамзат  болмысын  тіл арқылы  тану, сөз арқылы этносты зерттеу, тілдік бірліктер арқылы өлке мен елді зерделеу,  ұлттық тілде жинақталған сөздік қорды жаңғырту, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу  жер бетіндегі адами капиталдың құндылықтарын, рухани өзегін сақтау мен   дамыту үшін қажет. …

ЖТН AP09260017 «Отырар ауданындағы топырақтардың тұздылығының жүгерінің өсіп-өнуіне әсерін зерттеу және дақылдың өнімділігін болжаудың ғарыштық әдісін әзірлеу».

Жоба тақырыбының өзектілігі: Кез-келген елдің азық-түлік қауіпсіздігі – ауылшаруашылығының, оның ішінде егін шаруашылығының да дамумен тығыз байланысты. Егіншіліктің даму көрсеткіштері – ауылшаруашылық жерлердің агромелиоративтік жағдайымен және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігімен сипатталады. Егістік жерлердің агромелиоративтік жағдайын, экологиялық ахуалын және дақылдардың болжалды өнімділігін дәстүрлі әдістер арқылы зерттеу көп …