Жоба №АР09259432 «Алаш ісі. 1920-1930 жж. ОГПУ-НКВД жүргізген жасанды тергеу істерінің құжаттары мен материалдары»

Ғылыми жетекшісі т.ғ.д.проф.М.Қойгелдиев

Өзектілігі. Бұл жобаны даярлауға себеп болған Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жасаған үндеуі (30 мамыр 2020 жыл) болды.

Президент өз жолдауында  «Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мелекеттік комиссия құруды» тапсырғанын атап айтты.

ОГПУ ұйымдастырған репрессия құрбандарының қатарында тарихта Алаш қозғалысы аталған қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басшылары мен белсенділері де болды. Ұлттық интеллигенция басқарған қазақ ұлт-азаттық қозғалысы, кеңестік идеологиялық аппарат және оның қызметіндегі советтік тарихнама тарапынан Қазақстанда буржуазиялық мемлекеттілікті құруға әрекет жасаған «буржуазиялық интеллигенцияның» қозғалысы ретінде танылды. Осы жалған тезисті негізге алып, Кеңес үкіметі өткен ғасырдың 20-шы жылдарының екінші жартысында ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшылары мен белсенділеріне шабуыл ұйымдастырып, үзіліссіз жүргізілген репрессиялық шаралар арқылы оларды физикалық тұрғыдан жойды. Өкінішке орай соңғы жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің архив қорларынан ҚР ІІМ архивіне берілген Алаш қозғалысына қатысты құжаттық материалдар қазірге дейін толық күйінде ғылыми аппаратымен талапқа сай деңгейде жарық көрмеген күйде қалып отыр.

Атап айту керек, тәуелсіздік жылдары Алаш қозғалысының құжаттары мен материалдарын жариялауға бірнеше рет ұмтылыс жасалынды. Мұндай әрекеттің алғашқысы ҚР Президенті архиві тарапынан болған еді.

Әрине, Алаш тарихы бойынша жарық көрген құжаттар жинағы ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының тарихын ашып көрсету ісінде елеулі орын алады. Қалай болғанда да осы уақытқа дейін бұл арнада жарық көрген құжаттық материалдар толыққанды академиялық басылымның орны мен рөлін алмастыра алмайды. «Алаш ісінің» материалдары тек ғылыми жағынан ғана маңызды емес, тергеудегі  адамдардың айтқан фактілердің дұрыстығы, оның сол заманның сипаты мен адами қасиеттерін сақтаған тарихи ескерткіш, билік режиміне қарсы айыптау актісі ретінде де маңызды.

«Алаш ісі» материалдары фактілердің шынайылығын көрсетуде ғылыми тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дәуірдің сипатты белгілері мен оның мінез-құлықтарын айқындаушы және советтік билік тәртібін айыптаушы құжат ретінде де маңызы зор.

Жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік архивтердің, сондай-ақ ҚР ІІМ мен прокуратурасының арнайы архивтерінің қорларында сақталған Алаш ісіне қатысты тергеу материалдарын тиісті ғылыми аппаратымен екі томдық түрінде жариялау.

Мәселені шешу жолдары.

Репрессия материалдарымен көп жылдан бері жақыннан таныс зерттеуші ретінде мәселені неғұрлым толық тану үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі архив қорларындағы, Ресейдің мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарихы архиві, Ресей Федерациясының Мемлекеттік архиві және т.б. мамандандырылған архив қорларымен жұмыс істеу қажет деп есептейміз.

Күтілетін және қазіргі нәтижелер. Алынған нәтижелер жинақтарда, конгресс, конференция, симпозиум, форум материалдарында, сондай-ақ, рецензияланатын журналдарда көрініс табады.

«Алаш ісі. 1920-1930 жж. ОГПУ жүргізген жасанды тергеу істерінің құжаттары мен материалдары»  атты екі томдық жинақ даярлау жоспарланып отыр.

Зерттеліп отырған тақырып қазақстандық ғылымның жетістіктерін әлемдік геосаяси және мәдени кеңістікте насихаттау мен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, қазіргі саяси және экономикалық мәдениетаралық байланыстар мен әлеуметтік-мәдени жағдайда имиждік мәні зор.

Зерттеудің ғылыми нәтижелері мемлекеттік, ұлттық, азаматтық бірегейлікті қалыптастыру және нығайту ісінде қолданысқа түсе алады.

Бүгінгі таңда Алаш қозғалысы тарихы бойынша әдебиеттерді жинау және талдау, зерттеудің әдістемелік құралдары әзірленіп, теориялық-әдіснамалық дайындық жұмыстары жүзеге асырылды. Құжаттық басылымдарды дайындау және жариялау кезінде археографиялық өңдеудің негізгі принциптері анықталды. Соған сәйкес 20-30 жылдардағы сот процестері мен саяси үдерістердің тарихы бойынша құжаттар мен материалдардың әртүрлі жинақтары қарастырылды. Зерттелгендердің ішінде тарихнамада «Шахтинск процесі» және «академиялық іс» ретінде кеңінен танымал екі ірі сот-тергеу істері бойынша құжаттар мен материалдар жинағын ерекше атап өткен жөн.

Көптеген ресейлік және шетелдік зерттеушілер 1928-1929 жылдардағы «Шахтинск процесін» ОГПУ органдары ойлап тапқан және тоталитарлық «Сталиндік» режимді нығайтудың басталуын белгілеген алғашқы сот ісі ретінде қарастырады.

Саяси қуғын-сүргін мәселелері, археографиялық зерттеулер мен Алаш қозғалысы бойынша отандық және шетелдік тарихнамалардың жұмыстары талданып, зерделенді.

Қорытындылар. Осылайша, жобаны іске асыру ҚР ІІМ-нің арнайы архивінен Алаш қозғалысы мәселесі бойынша материалдар жинау, оларды археографиялық өңдеу және екі томдық құжаттар мен материалдар түрінде жариялауға мүмкіндік туғызады. Аталған тұжырымдаманың бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет желісінде насихатталуы мен таралуы отандық тарих ғылымының негізгі мәселелерінің бірін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

1. AU-ID  «Myrzatayeva, Zabira Balabekovna»   57193226802

https://orcid.org/0000-0003-2899-9007

3. Белоус С.Г. Scopus Author ID: 57193846088

orcid.org/0000-0002-8039-4112

4. orcid.org/0000-0002-9659-1006

5. orcid id gulden Zhasharalina 0000-0002-3177-1030

1) Қойгелдиев М.Қ. Өткенді еңсеру – бүгінгі тарихтанудың міндеті // Егемен Қазақстан. 19 наурыз 2021 ж. https://egemen.kz/article/269204-mambet-qoygeldiev-otkendi-enhseru-%E2%80%93-bugingi-tarikhtanudynh-mindeti

2) Қойгелдиев М.Қ. Бақылаудағы тарих: біз одан арыла алдық па?// Егемен Қазақстан. 16 сәуір 2021 ж. https://egemen.kz/article/271755-baqylaudaghy-tarikh-biz-odan-aryla-aldyq-pa

3) Қойгелдиев М.Қ. Қазақ Совет Республикасы: оның иесі кім еді? // Жас Алаш. 28 мамыр 2021 ж. https://zhasalash.kz/ruhaniyat/qazaq-sovet-respublikasy-onyn-iesi-kim-edi-16090.html

4) Қойгелдиев М.Қ. Өткенді еңсеру // ҚазАқпарат порталы. 16 наурыз 2021 ж. https://egemen.kz/article/269204-mambet-qoygeldiev-otkendi-enhseru-%E2%80%93-bugingi-tarikhtanudynh-mindeti

5) Памятник лидерам движения «Алаш» открыли в столице // https://m.forbes.kz/process/pamyatnik_lideram_dvijeniya_alash_otkryili_v_stolitse

(ҚР Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың қатысуымен өткен Алаш қайраткерлеріне арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне проф.М.Қойгелдиев қатынасты)

5) Тілеубаев Ш.Б. Жетісудағы ашаршылық: Міржақып Дулатұлы қалдырған деректер // Жетісу. Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті. 17 мамыр 2021 ж.https://7-su.kz/news/cat-4/11035/

6) Тілеубаев Ш.Б. Интервью. Әр құжатта мыңдаған адамның тағдыры тұр // Айқын. 1 маусым 2021 ж. https://aikyn.kz/142043/er-kuzhatta-myndagan-adamnyn-tagdyry-t/

7) Оразов Р.Е. Асыра сілтеудің ауыр зардабы // Егемен Қазақстан. 30 мамыр 2021 ж. https://egemen.kz/article/276424-asyra-silteudinh-auyr-zardaby

Зерттеу тобы және жобаны басқару

  1-кесте – Ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі зерттеу тобының құрамы

р/с

Аты-жөні, дәрежесі/ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы1 Негізгі жұмыс орны, лауазымы2 Жобадағы немесе бағдарламадағы рөлі Жұмыспен қамтылуы (толық, толық емес) Жоба бойынша жұмыс кезеңі (ай)
1-жыл

 

 

2-жыл 3-жыл
1 т.ғ.д, проф.

Қойгелдиев М.Қ.

КазНПУ им.Абая.

Директор НИЦАТ

Ғылыми жетекші толық 3 12 12
2 з.ғ.к.,

Қасымов С.А.

Президент Республиканского общественного фонда «Қаһармандар» мүшесі толық 3 12 12
4 т.ғ.к., Мырзатаева З.Б. Абай атынд. ҚазҰПУ мүшесі толық 3 12 12
5 т.ғ.к.,

Тлеубаев Ш.Б.

Абай атынд. ҚазҰПУ мүшесі толық 3 12 12
6 PhD, доктор

Белоус С.Г.

Абай атынд. ҚазҰПУ мүшесі толық 3 12 12
7 гум.ғыл.магистрі

Оразов Р.Е.

Ш.Уәлиханов атынд. Тарих және этнология институты мүшесі толық 3 12 12
8 гум.ғыл.магистрі

Сатенова М.Р.

Ш.Уәлиханов атынд. Тарих және этнология институты мүшесі толық 3 12 12
9 пед.ғыл.магистрі

Есім К.Е.

КазНПУ им.Абая мүшесі толық 3 12 12