ЖТН АР08855685 «Тілдік коммуникация парадигмалары: әдеби айтылым мен латынәліпбилі жазылым»

Жобаның өзектілігі. Қазіргі тіл білімінің даму кезеңінде сөздік қор ұлттық қарым-қатынастың коммуникативтік базасы қызметін атқаруы қажет. Ол үшін тілдік қатынасты іске асырушы әрекеттер – айтылым мен жазылым  процестерінің – коммуникацияға қатысты теориялық-практикалық маңызы  қарастырылып, әдіснамалық  ұстанымдары айқындалуы керек.  Осыған орай жобада айтылым мен жазылымның қатысымдық сипаты, оның құрамы мен құрылымы, тілдік және коммуникативтік  бірліктері  орфоэпия мен орфография  ережелеріне сай  сөз болады.

Қатысымдық қызметтің басты параметрлері – тілдік коммуникацияның ғылыми-практикалық сипатын анықтайтын коммуникативтік парадигмалар жүйесі. Тілдік коммуникацияның  ғылыми парадигмалары қазақ тіл білімінде жаңа бағытта  қарастырылып,  теориялық және практикалық жағынан тереңдете зерттеуді қажет етеді.

Тілдік коммуникация  парадигмалары  ауызша және жазбаша түрде ойды жеткізу, түсінісу, пікір алмасу процестерін жүзеге асырады. Бұл процесс  сөйлесім әрекетінің түрлері мен қызметінен көрінеді. Сөйлесім әрекетінің ішінде парадигмалық  белгілері мен  ерекшеліктері жағынан  айтылым мен жазылым  –  ішкі мазмұны,  сыртқы  формасы, құрылымы мен құрамы жағынан  бірімен-бірі байланысты мәселелер.

Тіл – адамзат жаратылысындағы ең күрделі құбылыс. Ол қолданысы мен өмірде алатын орнына қарай әр түрлі қызмет атқарады. Тілдің қызметі тілдік бірліктер арқылы  жүзеге  асатындықтан, ғылымда оның баламасы ретінде сөздің функциясы  деген термин қатар қолданылады.  Сөздің  атқаратын   басты  қызметтері (фунциясы): Номинативтік функция.  Ойды жарыққа шығару функциясы. Әлеуметтік функция. Гносеологиялық функция .  Экспрессивтік функция  т. б. деп жіктеледі.

Жобада қатысымдық  парадигмалар мынадай критерийлер бойынша анықталады. Олар (парадигмалар) – 1. ғылыми проблеманың қойылуы мен шешілуі стандарттық тұрғыдан  қалыптасқан бірыңғай лингвистикалық жүйе ретінде; 2. Орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтарды сақтаушы бірліктер ретінде;  3. Әріп – дыбыс – емле бірлестігінің  заңды жиынтығы есебінде;   4. қолданылуы мен қызметі  тарапынан тілдік коммуникацияны жүзеге асыратын  компонент есебінде;  5.ортақ заңдылықтарға негізделген  мазмұн жиынтығы ретінде зерделенеді.

Жобаның мақсаты – қазақтың сөз өнерінің ұлттық коды ретінде  айтылым  мен  жазылымның  байланысын коммуникативтік заңдылықтар  негізінде ғылыми-практикалық жағынан  саралау, сипаттау;   тілдік коммуникация процесіне қатысты айтылымның әдеби нормаға сәйкес  қолданылу, даму, қызмет ету, сақталу жолдарын көрсету;  жазылымның орфографияға қатысты нормаларын ғылыми-теориялық жүйелеу;   латынәліпбиге  қатысты  қағидаларын  жинақтау,  талдау, тәжірибеден өткізу.

Жобаның міндеттері:

  • Қатысымдық парадигманың басқа салалармен байланысына назар аудара отырып, оның білім мазмұнын анықтау,   ғылыми негіздерін сипаттау;
  • Тілдік коммуникация парадигмаларының критерийлерін, талаптарын, ұстанымдарын белгілеу;
  • Тілдік коммуникация теориясына негізделген айтылым процесінің әдеби нормасын  ЖОО студенттеріне деңгейлік меңгертудің амалдарын анықтау;
  • Ауызша әдеби тілдің нормаларын сараптау және оны деңгейлер бойынша жіктеу;
  • Жазылым нормаларын ажырату, оның басты критерийлерін анықтау;
  • Латынәліпбилі жазылымның үздіксіз білім беру жүйесіндегі орнын айқындау, талдау;
  • Тілдік коммуникация теориясына негізделген айтылым мен жазылым процесінің әдістемелік жүйесін әзірлеу;
  • Айтылым мен жазылымның оқу процесін дамытуға ықпалын, сауаттылыққа әсерін  тәжірибелік-практикалық тұрғыдан тексеру, дәйектеу.

Күтілетін нәтижелер:

– 2020 жылы: ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналда 1 ғылыми мақала жарияланады; «Коммуникация теориясына негізделген айтылым мен жазылым түрлері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

– 2021 жылы: ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдарда 2 ғылыми мақала, РИНЦ базасына кіретін журналда 1 мақала, халықаралық конференция жинағында 1 мақала, «Айтылым мен  жазылымның  әдістемелік  негізі»  тақырыбында 1 әдістемелік нұсқаулық жарияланады; «Тілдік  парадигмалардың  коммуникативтік  негізі» тақырыбында 1 конференция ұйымдастырылады.

– 2022 жылы: ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдарда 2 ғылыми мақала, 1 мақала халықаралық конференция жинағында, 1 ғылыми мақала Scopus базасына кіретін журналда және «Тілдік коммуникация  парадигмалары»  тақырыбында 1 ұжымдық монография жарияланады.

 

Жеткен жетістері:

  1. Тілдік коммуникация аясындағы айтылым үдерісі/ Қазақстан ғылымы мен өмірі 2020, №11. (147). – 362-365 бб.
  1. Оразбаева Ф.Ш., Нургазиев Т.Е., Иманкулова М.А. Коммуникативная парадигма в казахском языкознании: история развития и перспективы/ Научный журнал «Инновации. Наука. Образование». Индексация в РИНЦ. 2021. – №2 февраль. Стр. 1271-1276.
  2. Коммуникация арнасы – ақпарат/ «Білім саласындағы рухани жаңғыру мәселелері» атты IX дәстүрлі Халықаралық ғылыми- практикалық конференцияның материалдары. I Том. Туркестан,  2021. 89-94 бб.
  3. Оразбаева Ф.Ш. Коммуникативтік акт сапасы – жазылым процесі/ «Білім саласындағы рухани жаңғыру мәселелері» атты IX дәстүрлі Халықаралық ғылыми- практикалық конференцияның материалдары. I Том. Туркестан,  2021. 12-17 бб.
  4. Әміржанова Н.Қазақ қоғамында қолданылған жазу түрлері / «Білім саласындағы рухани жаңғыру мәселелері» атты IX дәстүрлі Халықаралық ғылыми- практикалық конференцияның материалдары. I Том. Туркестан,  2021. 75-80 бб.
  5. Оразбаева Ф. Айтылым әрекетіндегі сөздің қатысымдық қызметі/Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. – Алматы, 2021. – №1 (72).  –114-121 бб.
  6. Оразбаева Ф. Ғалым мұрасы – рухани қазына/ Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. – Алматы, 2021. – №1 (72).  –111-114 бб.
  7. Оразбаева Ф.Ш.  Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы/ «edu.e-history.kz» халықаралық электронды ғылыми  журнал.– 2021. – № 2 сәуір-маусым.

 

2020 жылдың 9 қазанында «Коммуникация теориясына негізделген айтылым мен жазылым  түрлері» атты республикалық онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 

Жобаны орындаушылар тізімі:

Тақырып жетекшісі – п.ғ.д., профессор, бас ғылыми қызметкер  Оразбаева Ф.Ш.

Жоба орындаушылары:

п.ғ.д., профессор, бас ғылыми қызметкер  Дәулетбекова Ж.Т.

п.ғ.д., доцент, бас ғылыми қызметкер Рахметова Р.С.

п.ғ.д., доцент, аға ғылыми қызметкер Рауандина А.Қ.

ф.ғ. к., аға ғылыми қызметкер Әміржанова Н.С.

ф.ғ. к., аға ғылыми қызметкер Қоқанова Ж.А.

PhD, аға оқытушы,  ғылыми қызметкер Иманқұлова М.А.

Кіші ғылыми қызметкер докторант  Мазибаева Ж.