ЖТН АР13268734«Абай және Шәкәрім тіліндегі көнерген сөздердің семантикасы және түп-негізі (салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде)» 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған жоба (постдокторантура).

Жобаның өзектілігі: қазақ тіліндегі тұрақты тіркес, мақал-мәтел, қос сөздер құрамында және диалектілер, ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем әдеби шығармаларда, сонымен бірге ақын-жазушылар тілінде сақталып, қазақ әдеби тілінде жеке-дара қолданылмайтын мағынасы түсініксіз сөздер баршылық. Қазақтың ұлы ақындары Абай және Шәкәрім шығармаларында да ескіліктер, мағынасы түсініксіз немесе қазіргі күні белсенді жұмсалмайтын сөздер көптеп кездеседі. Жобада Абай өлеңдері мен қара сөздерінде және Шәкәрім шығармаларында кездесетін көмескі сөздер мен көнеліктерге талдаулар жасалып, мағынасына нақты түсініктемелер беріледі. Көнерген сөздер кірме элементтер және төл сөздер деп ажыратылып талданатын болады.

Жұмысымыздың мақсаты: Абай, Шәкәрім өлеңдерінде сақталған көнерген немесе мағынасы ұмыт болған сөздердің, пассив лексиканың, қазірде қолданылмайтын кірме элементтердің мәнін түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдері материалдары және араб-парсы, моңғол тілдері түсіндірме сөздіктері деректері негізінде ашу. Абай және Шәкәрім қолданған көнеліктердің тұңғыш салыстырмалы-тарихи сөздігін құрастыру.

Күтілетін нәтижелер: Алынған  нәтижелер:
1. Рецензияланған шетелдік және (немесе) БҒСҚК ұсынған отандық басылымдарда 5 (бес) мақала шығарылады. 2. Рецензиялаудан өткен және кемінде екі профессор ғылыми атағының және/немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің иегерлері жариялауға ұсынған постдокторанттың үлесі 6 б. п. кем емес 1 (бір) монография жарияланады.  Жоба 2022 жылдың мамыр айында басталды, 2023 жылдың қараша айына дейін БҒСҚК ұсынған отандық басылымда 1 (бір) мақала жарияланады.

Зерттеу тобының құрамы:

  1. Адилов Марлен Ерланович, PhD доктор, жоба жетекшісі, постдокторант
  2. Шерубай Құрманбайұлы, филология ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі постдокторанттың ғылыми кеңесшісі.

2022 жылғы жарияланымдар тізімі:

  1. Е. Петек, М.Адилов. Язык рукописей стихов Абая (некоторые фонетические различия). Turkic Studies Journal 1 (2022), С. 70-85 (ККСОН)

DOI: http://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-1-70-85

  1. Kurmanbaiuly, S., Adilov, M., Ibragimov, Z. About Some Archaisms That Are Preserved In The Dialects Of The Kazakh Language. BELLETEN Yearbook of Turkic Studies, 2022 (73), p. 151–190. (Scopus).