ЖТН AP15473110 «Қазақтардың этноэкологиялық дәстүрлері: Қазақстанның далалық аймақтарына бейімделудің тарихи тәжірибесі»

Жобаның мақсаты – қазақ халқының этноэкологиялық дәстүрлері мен Қазақстанның дала кеңістігіне бейімделуінің тарихи тәжірибесін зерттеу.

Міндеттері:

  1. Жоба тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерге шолу және талдау
  2. Жоба бойынша архивтік зерттеулер: ҚР Орталық мемлекеттік архиві, Омбы облыстық тарихи архиві (Омбы қ., РФ), Ресей мемлекеттік тарих архиві (Санкт-Петербург қ., РФ) қорларымен жұмыс.
  3. Қазіргі қоғам үшін қазақ халқының этноэкологиялық тәжірибелерінің құндылықтық негіздерін айқындау мақсатында сапалық зерттеулер жүргізу.
  4. Зерттеудің ғылыми нәтижелерін сынау және енгізу.

Өзектілігі.

Қазіргі әлемде мемлекеттер мен халықтар алдында экологиялық қауіпсіздік, климаттың өзгеруі және оның салдарына бейімделу мәселелері өткір тұр. Бұл тұрғыда бейімделудің көпғасырлық тарихи тәжірибесі мен қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың дәстүрлі білімдерін зерттеу және талдау қоғам үшін өте өзекті.

Күтілетін нәтижелер

– Web of Science деректер базасында индекстелетін немесе Scopus деректер базасында CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар ғылыми басылымдарда екі мақала жариялау;

– БҒСҚК ұсынған отандық басылымдарда екі мақала жариялау;

– Қазақстан патенттік бюросында авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіміне енгізу туралы куәлік алу – 1

You may also like...