ЖТН AP14872058 «Мобильді білім беру ортасын құру арқылы болашақ бастауыш білім педагогтерін ұлттық құндылыққа баулу».

Жобаның өзектілігі. Қазіргі  заманда жастарды ізгілікке баулу, өз ұлтына, туған жеріне деген  азаматтық сезімді ояту үшін ұлттық құндылықтар негізінде берілетін білім мен тәрбиеге ерекше мән берілуде. Сондықтан бүгінгі  жаҺандану заманының кейбір теріс ағымына сіңіп, жоғалып кетпей, ұлттық болмысын сақтаған, бабалардан мирас болып қалған ізгі қасиеттерді  бойына сіңірген  жастарды  тәрбиелеу – жобаның негізгі идеясы болып табылады.

Бүгінгі күні жас ұрпақтың өз түптамыры мен идеологиясынан ауытқу қаупі белең алып келе жатқаны байқалады. Сондықтан жастарды ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар рухында тәрбиелеу өзекті болып отыр. Осыған  орай жобада мобильді білім беру ортасын құру арқылы болашақ бастауыш білім педагогтерін ұлттық құндылыққа баулудың теориялық-әдіснамалық негіздері анықталады.

Жобаның мақсаты: Мобильді білім беру ортасын құру арқылы болашақ бастауыш білім педагогтерін  ұлттық құндылыққа баулудың теориялық-әдіснамалық тұжырымдамасын жасап және оны жүзеге асыру.

Күтілетін нәтижелер Алынған  нәтижелер
ЖОО білім беру мазмұнына ұлттық құндылықтарды енгізудің теориялық және әдіснамалық негіздері талданады.

 

 
Болашақ бастауыш білім педагогтерін мобильді білім беру ортасы арқылы ұлттық құндылықтарға баулудың педагогика-психологиялық аспектілері анықталады.  
Әлемдік және отандық тәжірибелермен танысып,  олардың  тәжірибелеріне талдау жасалынады.  
Білім алушылармен сауалнама жүргізіледі. Сауалнама қорытындысы БҒССҚК ұсынған отандық журналға мақала ретінде жарияланады.  

Зерттеу тобының құрамы:

1. Жумабаева Азия Елеупановна – жобаның ғылыми жетекшісі, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің» Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінің жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Хирш Индексі Scopus   5, Author ID в Scopus: 57217848970.

2. Стамбекова Асел Серкебаевна – бас ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінің қауымд.проф.м.а. Хирш Индексі Scopus – 2, Author ID в Scopus: 57214246629.

3. Базарбекова Рабига Жолшиевна – жетекші ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінің аға оқытушысы. Хирш Индексі Scopus – 0.

4. Нуржанова Сажила Абдисадыковна – жетекші ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінің қауымд.проф.м.а. Хирш Индексі Scopus – 2, Author ID в Scopus: 57204480309.

5. Жұмабаева Жәзира Аманжолқызы – аға ғылыми қызметкер, PhD, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінің аға оқытушысы. Хирш Индексі Scopus – 1, Author ID в Scopus: 57208619313.

6. Оспанкулов Ернар Ерланович – аға ғылыми қызметкер, PhD, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» Бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы. Хирш Индексі Scopus – 0.

 

You may also like...