Зерттеудің өзектілігі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне қосу оларды психологиялық-педагогикалық қолдау мен сүйемелдеуін ұйымдастыру тиімсіздігіне байланысты белгілі бір қиындықтарды тудырды. Бұл негізінен мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарында кәсіби қызмет дағдыларын меңгермеген арнайы педагогтардың инклюзивті бағытталған кәсіби құзыреттіліктерінің болмауына байланысты. Инклюзивті ұйымдар көбеюде, ал …
ЖТН AP14871476 «География мұғалімдерін даярлау мен қайта даярлаудағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру»
Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдары БҰҰ әзірлеген қоғам мен қоршаған ортаны тұрақты дамыту мақсаттарына қол жеткізу үшін білім беруді насихаттау мәселелерімен белсенді айналысады. Мысалы, «География және экология» кафедрасының ғалымдар тобы ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын AP14871476 «География мұғалімдерін даярлау мен қайта даярлаудағы тұрақты даму мақсаттарын …
ЖТН AP19175900 «Жанғыш пайдалы қазбалардан сұйық отын алу және осы процес қалдықтарын қайта пайдалану»
Ғылыми жобаның өзектілігі Қазақстан аумағында дәстүрлі мұнайдан да қоры көп осындай шикізат түрін қалдықсыз өңдеп, энергетикалық мақсатта халық шаруашылыға пайдалану болып табылады. Ғылыми жобаның мақсаты өңдеуге қиын тұтқырлығы жоғары мұнайлы құмды термиялық өңдеудеу арқылы сұйық отын алумен қатар, өңдеудің қатты қалдығын құрылыс саласына пайдаланудың ғылыми …
ЖТН АР08857119 «Болашақ мұғалімнің студентке орталықтандырылған оқытуын цифрлық орта жағдайында трансформациялау»
Жобаның негізгі идеясы – Студентке орталықтандырылған оқытуды цифрлық орта жағдайында трансформациялау негізінде болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығының жетілдірілуі дербестендірілген оқытуды ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық қамтамасыздандырудың негізділігіне ықпал етеді. Жоғары білім беру жүйесіндегі студентке орталықтандырылған оқыту цифрлық Қазақстанның болашақ мұғалімінің кәсіби даярлығына оң әсер ететін оның маңызды, ажырамас …
AP14871476 «География мұғалімдерін даярлау мен қайта даярлаудағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру»
Зерттеу жұмысының негізгі бағыты даму стратегиясымен, оқыту әдістері мен құралдарымен, тұрақты даму мақсатында география мұғалімдерін даярлаумен және қайта даярлаумен байланысты. Барлық деңгейдегі білім беру мекемелерінде (мектепке дейінгі, орта мектеп, арнаулы орта, жоғары) қолдану күтілуде. Жобаның негізгі мақсаты: оқу үдерісінде тұрақты даму мақсаттарын іске асыру әдістемесін …
ЖТН AP19680449 «Аударма сапасын бағалау: ғылыми және оқу саласында»
Өзектілігі Күтілетін ғылыми тиімділік аударматанудың тұжырымдамалық аппаратын нақтылаудан, аударманың жалпы теориясы, әдіснамасы мен сыны үшін жаңа зерттеу материалын алудан, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ғылыми аударманың арнайы теориясынан тұрады. Осылайша, алынған нәтижелер аударматанудың дамуына, сондай-ақ онымен байланысты: лингводидактика, лингвомәдениеттану, лингвопрагматика, лексикография, әлеуметтік лингвистика сияқты салаларға …
ЖТН AP15473110 «Қазақтардың этноэкологиялық дәстүрлері: Қазақстанның далалық аймақтарына бейімделудің тарихи тәжірибесі»
Жобаның мақсаты – қазақ халқының этноэкологиялық дәстүрлері мен Қазақстанның дала кеңістігіне бейімделуінің тарихи тәжірибесін зерттеу. Міндеттері: Жоба тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерге шолу және талдау Жоба бойынша архивтік зерттеулер: ҚР Орталық мемлекеттік архиві, Омбы облыстық тарихи архиві (Омбы қ., РФ), Ресей мемлекеттік тарих архиві (Санкт-Петербург қ., РФ) …
ЖТН AP14869424 «Деңгейлік парадигмалар әдіснамасы: оқылым мен жазылым»
Жобаның өзектілігі: Білім беру жүйесіндегі басты мақсат – ҚР білім сапасын анықтай отырып, әлемдік өркениетке жетудің жолын іске асыратын білімді дара тұлға тәрбиелеу. Бұл – ұлттық мұраны жете меңгерген; ана тілінің сөздік қорын жетік игерген; адамзатқа ортақ рухани құндылықтарды білетін; өз ұлты мен тілін қастерлейтін, …
ИРН АР19679368 «Білім беруді цифрландыру жағдайында өскелең ұрпақтың психологиялық денсаулығын сақтаудың инновациялық технологиясы ретінде ертегі терапиясының интегративті тәсілі».
Адамзат дамуының әр кезеңіндегі әлеуметтену процесі жас ұрпақты алдыңғы ұрпақ мәдениетінің құндылықтары мен мағыналарына баулудың көптеген технологиялары мен әдістерін қамтыды. Ұлттық код, архетиптер, адамзат мұрасы ақпарат түрінде әрқашан мифтер, ертегілер, әңгімелер, дәстүрлер және архетиптерді таратудың басқа түрлері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берілетін қасиетті білім ретінде қарастырылды. Өскелең …
ИРН АР14872059 «PISA зерттеулеріне сәйкес мектеп оқушыларының функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері»
Жобаның мақсаты – PISA зерттеулеріне сәйкес мектеп оқушыларының функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыруды педагогикалық тұрғыда зерделеу: әдіснамалық қағидаттарын анықтау, теориялық негіздеу және эксперименттік тексеру. Мектеп оқушыларының функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру бойынша жүргізілетін зерттеу жұмыстары мен эксперименттік тексеру қорытындысын білім беру жүйесіндегі мемлекеттік тапсырыстарды жоспарлауда пайдалану. Шетелдік …